Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Оянған өлке" романының мазмұнын білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Алтынай
10 Қаңтар, 17

Жазушы ескіде қалып, тозығы жеткен әдет-ғұрыптарды сынап-мінейді. Олардың ел ішінде сирей бастағанын да тілге тиек етеді. Қарағанды көмір өндірісі мен Ақбұйрат мыс зауытының пайда болып, құрылуы, жаңа леппен өмір сүруге талпынған адамдар өмірі, араларындағы қақтығыстар мен шиеленістер романда көрініс береді. 

Оған қоса романда қоныстандыру саясатының салдарынан жерлерінен айырылып, жұтқа ұшырап, малынан айырылған қарапайым шаруалардың басындағы ауыр жағдайы шебер көрсетілген. Оған жұттан бөлек, отаршыл әкімшіліктің қазақ шаруаларына салыған ауыр салықтары, құнарлы жерлерді тартып алуы сеп болған еді. Сонымен қатар туындыда қазақ жеріне қоныс аударған орыстардың қазақтармен достастығы сөз болады. 

Алтынай
10 Қаңтар, 17

"Оянған өлке" романының қысқаша мазмұны

Роман екі кітаптан тұрады. Онда ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен қазақ халқының Қазан төңкерісіне дейінгі тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік ахуалы суреттелген. Қарағанды көмір өндірісі ашылғаннан кейін қазақ жұмысшы тобы құрыла бастайды. Көмір өндірісіне тартылған қазақ, орыс, украин жұмысшылары тіршіліктің ащы дәмін, ауырлығын бірге татады. Бір-бірін түсініп, таптық мақсатты ұғынған олардың таптық сана-сезімі оянып, капиталистер мен байларға қарсы бірлесіп, күш біріктіре бастайды. Осы тұста Жұман мен Игілік сынды қазақ байлары, орыс капиталистері мен жұмысшылар тобы арасындағы тартыс жан-жақты бейнеленген. Ал романның екінші кітабы "Жат қолында" деп аталады. Бұл кітапта Қарағандыда өндіріліп жатқан көмірді ағылшын алпауыттарының ұрлауы сөз болады. Сол уақыттағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, мәдениеті, тарихы суреттеледі. 

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы