0 интересует 0 не интересует
спросил 10 Янв от Мадина в категории Танымал тұлғалар

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Сара Алпысқызы Назарбаева - Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы. Ол 1941 жылы ақпанның 12 жұлдызында Қарағанды облысы Қызылжар ауылында өмірге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан. Дариға, Динара, Әлия есімді 3 қызы бар. 

1992 жылдың ақпан айынан бастап - республикалық "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының негізін құрушы әрі президенті. 

1994 жылдың шілде айынан - "SOS Қазақстанның балалар ауылы" қорының президенті. 

1999 жылдың наурыз айынан - "Демография" қайырымдылық қоры қамқорлық кеңесінің төрайымы. 

"Өзін-өзі тану" аталатын адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғырту бойынша жобаның авторы. Оның жалпы мақсаты - жалпы адамзаттық құндылықтарды жаңғыртып, балаларды өз-өзімен, қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүруге үйрету. 

ответил 10 Янв от Айман