0 интересует 0 не интересует
спросил 10 Янв от Сұлтан в категории Саяхат және туризм

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Амазонка өзені туралы деректер:

  • Оңтүстік Америкада ағып жатқан Амазонка өзені ұзындығы бойынша әлемде екінші орын алады. Сонымен қатар суы ең мол өзені болып табылады. 
  • Өзен көптеген саласының есебінен (1100-ден астам) Оңтүстік Американың 30 пайызға жуық аумағын алып жатыр. 
  • Амазонка өзеніне су құятын негізгі өзен жүйесі - Укаяли-Апуримак. 
  • Амазонка өзенінің үстіне салынған бірінші және жалғыз көпір 2010 жылы 10 қазанда Манаусқа жақын жердегі Рио-Негрода ашылды. 
  • Маусымдық тоқтаусыз жауын-шашын өзен суының деңгейін 9 см-ге көтереді. 
  • Амазонка Атлант мұхитына құятын тұщы судың 20 пайызына ие. 
ответил 10 Янв от Гаухар
0 интересует 0 не интересует

Амазонка өзені туралы деректер:

  • Амазонка өзенінің суы мұхиттың тұздылығын азайтып, 2 600 000 км2 аумақтағы су түсін өзгертеді. 
  • Өзен бірнеше арналар мен тармақтарға бөлініп, олар күрделі жүйені құрайды. 
  • Маражо - Амазонка өзенінде орналасқан әлемдегі ірі өзендік арал. Оның аумағы Швейарияның аумағынан асады. 
  • Амазонка бассейніндегі алып тропикалық ормандар 5 400 000 км2 аумаққа созылып жатыр. 
  • Амазонканың ылғалды тропикалық ормандары Жер бетінің 6 пайызға жуық аумағын алып жатыр. 
  • Амазонканың тропикалық ормандарында еш уақытта сыртқы әлеммен қарым-қатынас құрмаған 50 тайпа өмір сүріп жатыр. 
ответил 10 Янв от Алуа