0 интересует 0 не интересует
спросил 10 Янв от Жалғас в категории Ойындар

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Аударыспақ - ат үстіндегі күрес ойыны. Ортаға шыққан екі ойыншының мақсаты - ат үстінде күресе жүріп, бірін-бірі аттан аударып тастау, болмаған күнде аттың үстінен қарсыласын жұлып алып, жеңілгенін мойындату. Қазақша күрестегі сияқты, аударыспақта да жасының, салмағының ерекшелігіне қарамайды, оған тек өздерінің білек күшуне сенушілер шығады. 

Бұл ойынның екінші бір түрінде екі атты адам арасы 40-50 адымдай екі көмбеде тұрып, ойын жүргізушінің берген белгісінен кейін біріне-бірі қарама-қарсы шабады. Ойынның шарты бойынша, кездескен жерде бірін-бірі аттың үстінен жұлып алып түсуі керек. Қайсысының денесі жерге тисе, сол ойыншының ұтылғаны. Мұнда тоқтап тұрып аударысуға болмайды. Шауып өткен бойда ғана бірін-бірі аттан аударып түсіруі керек. Бұлай істей алмаған жағдайда, ойыншылар сол шапқан бетте көмбеге барып, ойынды қайта бастайды. 

ответил 10 Янв от Айсұлтан