Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қазақша анекдоттар білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Қасым
10 Қаңтар, 17

Оператор: Жұлдызшаны басыңыз. Абонент: Жұлдызша - бұл түкті нүкте ме?

***

Ғаламтор уақыт машнасы іспетті. Мұнда Петросянның келер жылы ойлап табар әзілдерін оқуға болады.

***

Несие деген - ақша мүлдем жоқ емес, жоқтан да аз деген сөз.

***

Ендігі гринпистіктер азаматтардан айфонын тартып алып, ұсталған покемондарды еркіндікке жіберетін болады.

***

- Әйелдер арасында достық болмайды. Ол - өтірік.

- Әйел мен еркек арасында да достық бола алмайды. Қорытынды, әйелдерде дос бола алмайды.

***

Мен покемондарды іздемеймін. Оған уақытым жоқ. Одан да ақша табу жолдарын іздеуім керек.

***

Базарда: - Қымбаттым, ішік сатып ал! Ант етемін, жас дермантиннің терісі!

***

Егер адамдарға дәл өздеріндей қарым-қатынаста болсаң, олар ренжиді.

***

Кей ер адамдар мақтанышпен "Мендей адам жалғыз!"- дейді. Оларға қарап үлкен қуанышпен: "Құдайға шүкір!" - деймін.

Ержан
10 Қаңтар, 17

Біздің мектептің өз ырымы бар. Егер емтиханнан бір түн бұрын терезеден басыңды шығарып, барлық сұрақты жаттасаң, міндетті түрде өтесің.

***

Жақында мемлекеттің барлық мектептерінде: суперблокбастер "Отыр!" және жалғасы "Отыр-2!"

***

Мен қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі сабақтарында еркін сөйлеймін... Тіпті, басқа сабақтарда да.

***

Аршавинның ұлы 2-сыныпқа көшкені үшін 25 миллион еуро сұраған. 

***

Оқушылар, естеріңізде ұстаңыздар! Емтиханда айтқандарыңыздың бәрі өздеріңізге қарсы қолданылады.

***

- Оқу бітіргеннен кейін кім боласыз?

- Архитектор-окулист.

- Ол не істейді?

- Көз салады.

***

Тентек Шалабайдың ұяты жауап бере алмайды немесе қызмет көрсету аясынан тыс жерде.

***

Көптеген мұғалім ақшасын қайда жинайды? Армандарында...

***

Күнделікті таңертең мектепке барған оқушы университетке түседі. 

Ақсана
10 Қаңтар, 17

- Сүйіктім, маған дейін біреуді күтіп пе едің?

- Әрине, ауылдағы сиырымды.

***

- Егер күтуді доғарсаң, күткеніңе қол жеткізесің.

- Хогвартстан хат алуға болады ғой?

***

Ұялы телебонның себебінен пәтердегі тарақандар жоғалды деседі. Енді масалардан құтқаратын ұялы телефон күтудемін.

***

Мектеп ата-аналарды қандай халге жеткізген? Олар жазғы демалысқа балаларынан бетер қуанады.

***

Мен бақыт ақшада деп айтқым келмейді. Бірақ Швециядағы үй мен спорткар мені дәл қазір-ақ бақытты етер еді.

***

Біреудің қалтасындағы ақшаны санау жақсы емес деседі. Біздің ақшамыз шенеуніктердің қалтасында болса қайтеміз?

***

"72 сағаттық қорғаныс" дейтін дезодорант жарнамаларына тыйым салу керек. Себебі оған сенетін және сол күйінде қоғамдық көлікте жүретін адамдар бар.

Мақсат
10 Қаңтар, 17

Өздігінен тақпақ айтатын орындықтар сатылымда пайда болды. 

***

Биылғы жылы тәртіпсіз болған балаларға Аяз ата сыйлықты поштамен жібереді. 

***

Қырсық бала Аяз атаға "Абай жолын" бастан-аяқ айтып беріпті. 

***

Алма мұғалім оқушыларына:

- Қанекей, қай шақ екенін кім айтады? Мен жинаймын, сен жинайсың, ол жинайды...

Думан:

- Жаңа жыл алдындағы шақ.

***

Қыз: 

- Жаңа жылда кім боласың?

Жігіт:

- Шрек боламын.

- Маска сатып алдың ба?

- Әзірге жоқ. Ал сен кім боласың?

- Ару!!!

- Маска сатып алдың ба?

***

- Қымбаттым, жаңа жылға не сыйлайын?

- Білмеймін, қымбаттым. Бриллианты үлкен болса болды.

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?

1
Айбек
1 жыл бұрын пайда болды

Көп түйені қалай айтады?