0 интересует 0 не интересует
спросил 05 Март, 16 от Мади в категории Қоғам және саясат

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Мемлекеттік қызметке жұмысқа тұру үшін 3 кезеңнен тұратын байқаудан сүрінбей өту керек. Ең алдымен заң шығару және кәсіптік құзіретке байланысты біліміңіз тексеріледі. Келесі кезеңде кәсіби біліктілігіңіз бен мемлекеттік қызметтің мінез-құлық нормалары мен құндылығынан хабардарлығыңызды тексеруге бағытталған сұхбаттасу орын алады. Ал екі кезеңнен де өтіп жатсаңыз, байқаудың қорытынды кезеңі де сұхбатқа құрылады. Сұхбатта үміткер болашағын нақты қай мамандық не қызметпен  байланыстыратынын баяндайды. Үш кезеңнен де сәтті өтіп, жұмысқа орналасқан қызметкерлер сынақ мерзімінен өтеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер мансап сатысын ең төменгі қызметтен бастайды.

ответил 09 Март, 16 от Аслан