0 интересует 0 не интересует
спросил 13 Янв, 17 от Құралай в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Етеккір туралы деректер:

  • Етеккір қаны ұйымайды. Ол қан тамырлардағы қанға қарағанда қошқыл түсті болады.
  • Көптеген әйел етеккір уақытында шаршаңқы, ашушаң болады. 
  • 1971 жылдан бергі кей зерттеу жұмыстарында бірге тұратын әйелдердің етеккір циклі бір уақытқа келетіні анықталған.
  • 50 жас шамасында етеккір тоқтайды. Бірақ Гернси аралында тұратын 59 жастағы әйел 1997 жылы кесар тілігі арқылы босанған. 
  • Етеккір уақытында әйелдер тартымды, сексуалды бола түседі. Және тез қозады. Мүмкін бұл уақытта жүкті болу мүмкін емес деп ойлағандықтан болар. Бірақ бұл қате пікір. Аталық ұрық жатырда 7 күнге дейін өмір сүре алады. 
  • 1592-1598 жылдардағы жапон-корей соғысы кезінде корей генералы Гвак Чеу пәк қыздардың етеккір қанымен боялған қызы түсті киім киген. Генерал әйелдік теріс қуат инь киімін жапондардың қаруынан қорғайтын сауытқа айналдыратынына сенген. 
  • Әдетте етеккір циклі 28 күнге созылады. Бірақ барлық әйелде бірдей бола бермейді. 
  • Ыстық климатты аймақта алғашқы етеккір 11-15 жас аралығында көрінсе, климаты қалыпты аймақта 12-18 жас, суық аймақтарда 13-21 жас аралығында көрінеді. 
ответил 16 Янв, 17 от Сағым