Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ниагара сарқырамасы туралы не білесіздер?

Талқылау
Пікір
Тілек
16 Қаңтар, 17

Ниагара сарқырамасы туралы деректер:

  •  Ниагара сарқырамасы АҚШ пен Канаданың шекарасында орналасқан. Канадада және АҚШ-та сарқыраманың құрметіне қалаға атау берілген. Екі қала да Ниагара-Фолс деп аталады. Ағылшын тілінен аударғанда "Ниагара сарқырамасы" деген мағына береді. 
  • Сарқыраманың биіктігі 53 метрді құрайды. Америкалық сарқыраманың ұзындығы - 323 метр, ал "Таға" сарқырамасының ұзындығы - 792 метр. Су ағысының көлемі 5700 м³/с-тан асады. 
  • 1893 жылдан бері Ниагара сарқырамасының су қуаты электр қуатын алу үшін қолданылуда. 
  • Ниагара сарқырамасымен төменге құлайтын балықтардың 90 пайызы тірі қалады. Себебі төмендегі көбік балықтарға жастық тәрізді әсер етеді. 
  • АҚШ ауыз суының шамамен 20 пайызы Ниагара сарқырамасынан өтеді. 
  • 1829 жылдың қазан айында өзін Янки Липер атаған Сэм Пач "Таға" сарқырамасынан секіріп, аман қалған. Ол сарқырамадан құлағаннан аман қалған алғашқы адам ретінде танымал болды. 
  • Әлемдегі алғашқы темір жол көпірі 1848 жылы Ниагара өзенінің үстіне салынды. 
  • Ниагара сарқырамасын жылына 12 миллион саяхатшы тамашалайды. 

     
Әлем бойынша категориясындағы басқа сұрақтар
1
Марлен
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең терең мұхит және оның тереңдігі қанша?

1
Жанат
1 жыл бұрын пайда болды

БҰҰ штаб пәтері қай қалада орналасқан?

1
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Әлемдегі ең тұзды теңіз?

1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Әлемдегі ең үлкен теңіз қандай?