Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ақмарал Дайрабаеваның өмірбаяны бар ма?

Талқылау
Пікір
Жансая
15 Қаңтар, 17

Ақмарал Дайрабаева - актриса. Ол 1981 жылы ақпанның 23 жұлдызында Алматы облысы Шелек ауданы Таусүгір ауылында өмір есігін ашқан. Мектепті тәмамдағаннан кейін, 1998-2002 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы театр және көркемсурет институтында «актер» мамандығы бойынша білім алған. Мұнан соң 2005 жылға дейін Батыс Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында қызмет еткен. 2006 жылдан бері  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеп келеді. Театрда Т.Ахтановтың «Күшік күйеуінде» Алма, А.Вампиловтың «Кішкентай үйдің үлкен құпиясында» – Макарская, Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» қойылымында – Марфуға,  С.Сматаевтың «Көгілдір таксиінде»- Клара, Т.Теменовтің «Карменситасында» – Мерседес, Иран-Ғайыптың «Фатима» қасіретнамасында – Фатима, Г.Хугаевтың «Қара шекпенінде» – Көкшулан рөлдерін сомдаған. 

Бүгінде Ақмарал Дайрабаева - актер, тележүргізуші Рахман Омаровтың жұбайы. 


 

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?