Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Намаздың бəрін кешке жинап оқуға бола ма? Немесе тек сенбі, жексенбі күндері оқыса бола ма?

Талқылау
Пікір
Ақан
15 Қаңтар, 17

Намаз – діннің тірегі. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 103-ші аятында:

إِنَّ الصَّلاَةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَّوْقُوتًا

«Ақиқатында, мүминдерге намазды уақытылы орындау парыз етілді»,-деген. Сондықтан да, мұсылман пенде бес уақыт намазын уақытылы оқуы тиіс.

Намазды уақытыннан тек үзірлі жағдайда кешіктірсе болады. Мәселен, науқастанып, намазды тіпті бастың ишарасымен оқи алмаса немесе есінен шығып кетсе. Демек, үзірсіз намаз оқымай қоюға болмайды.

Негізі діннің нәзік мәселелерін таныс, жора-жодастан емес, мешітке барып имамдардан білген жөн.

Дін категориясындағы басқа сұрақтар
1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Мәкрүһ деген не?

1
Шыңғар
1 жыл бұрын пайда болды

Мәһір деген не?

1
Жанетта
1 жыл бұрын пайда болды

Нәпсі деген не?

1
Рамазан
1 жыл бұрын пайда болды

Құбыланы қалай анықтауға болады?

0
Айғаным 05
1 жыл бұрын пайда болды

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?