Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тамыр соғысының қалыпты көрсеткіші қандай?

Талқылау
Пікір
Нұрдана
17 Қаңтар, 17

Адамның тамыр соғысына не әсер етеді?

Адамның қалыпты тамыр соғысы қоршаған ортаға, дене белсенділігіне байланысты өзгеріп отырады. Тыныш күйде асықпай жүрген кезде тамыр соғысы көрсеткіші 100 болса, жүгірген кезде 120-ға дейін артады. Ал мықты, сау адам үшін тамыр соғысы 130-ға жетуі физикалық белсенділікті тоқтатуға сеп болмаса, тамырдың минутына 170 рет соғуы қауіпті саналады. Кардиологтар жүрекке мұндай күш түсірмеу керектігін ескертеді.

Сонымен қатар физикалық белсенділік кезіндегі тамыр соғысы көрсеткішінен бөлек, тамыр соғысы қалпына келетін уақытты да бақылау керек. Дұрыс жағдайда тамыр соғысы 5 минуттан аз уақытта қалпына келуі тиіс.

Тамыр соғысы төмендегі себептерге байланысты күн бойына қалыпты көрсеткіштен ауытқуы мүмкін:

  • ішімдік ішкенде немесе дәрі қабылдағанда;
  • қарын ашқанда;
  • массаж процедурасынан кейін;
  • ұйықтаған кезде;
  • етеккір кезеңінде;
  • күнге шыққанда, аязда және отқа жақындаған кезде. 
Нұрдана
17 Қаңтар, 17

10 жастан 12 жасқа дейін:

  • орташа көрсеткіш — 80
  • төмен көрсеткіш  — 60
  • жоғары көрсеткіш — 100

12 жастан 15 жасқа дейін:

  • орташа көрсеткіш — 75
  • төмен көрсеткіш  — 55
  • жоғары көрсеткіш — 95

15 жастан 50 жасқа дейін:

  • орташа көрсеткіш — 70
  • төмен көрсеткіш  — 60
  • жоғары көрсеткіш — 80

50 жастан 60 жасқа дейін:

  • орташа көрсеткіш — 74
  • төмен көрсеткіш  — 64
  • жоғары көрсеткіш — 84

60 жастан жоғары:

  • орташа көрсеткіш — 79
  • төмен көрсеткіш  — 69
  • жоғары көрсеткіш — 89
Нұрдана
17 Қаңтар, 17

1 жастан 2 жасқа дейін:

  • орташа көрсеткіш — 124
  • төмен көрсеткіш  — 94
  • жоғары көрсеткіш — 154

4 жастан 6 жасқа дейін:

  • орташа көрсеткіш — 106
  • төмен көрсеткіш  — 86
  • жоғары көрсеткіш — 126

6 жастан 8 жасқа дейін:

  • орташа көрсеткіш — 98
  • төмен көрсеткіш  — 78
  • жоғары көрсеткіш — 118

8 жастан 10 жасқа дейін:

  • орташа көрсеткіш — 88
  • төмен көрсеткіш  — 68
  • жоғары көрсеткіш — 108

Нұрдана
17 Қаңтар, 17

Қалыпты тамыр соғысы деген ұғым адамынң жасына және жынысына байланысты өзгеріп отырады. Жүрек пен қан тамырлар көлемі жас ұлғайған сайын өсіп отырады. Нәтижесінде жүрек-қан тамырлар жүйесінің қайта құрылуы орын алады. Мысалы, ересектерге қарағанда, балалардың жүрегі кішірек. Сондықтан ересектердегідей мөлшердегі қанды айдау үшін жүрек жиі жиырылады. Осы себепті тамыр соғысы да жоғары. Сонымен қатар ерлердегі қалыпты тамыр соғысы – әйелдердегіге қарағанда азырақ.

Жасқа байланысты тамыр соғысының көрсеткіші төмендегідей сипатта болады:

Туылғаннан 1 айға дейін:

  • орташа көрсеткіш — 140
  • төмен көрсеткіш  — 110
  • жоғары көрсеткіш — 170

1 айдан 1 жасқа дейін:

  • орташа көрсеткіш — 132
  • төмен көрсеткіш  — 102
  • жоғары көрсеткіш — 162

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?