Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бейәдеп сөз айтқаны үшін балаға ұрысуға бола ма?

Талқылау
Пікір
Тахмина
20 Қаңтар, 17

Әрине, бейәдеп сөз айтқаны үшін балаға ұрысуға болмайды. Оның мағынасын түсіндірудің де қажеті жоқ. Дұрысы, жақсы балалардың мұндай сөз айтпайтынын, тек жаман, бұзық балалардың ғана аузынан шығатынын, ондай балалар жақсы жерде оқи алмайтынын байыппен түсіндіріңіз. Ақылды бала бір-екі айтақыныңыздан-ақ сөзіңізді ұғып, мәселенің шешімін табасыз. 

Тахмина
20 Қаңтар, 17

Ертелі кеш, әсіресе, мектеп жасына дейінгі әр бала түрлі бейәдеп сөздер айта бастайды. Таңданатын дәнеме жоқ, себебі бала уақытының біраз бөлігін ата-анасының қадағалауынсыз өткізеді. Яғни, балабақша, студия, достарының үйінде. Ал ол жерлерде түрлі ықпалға тап болады. Бұл жаста бала айналасындағылардың мінез-құлқын жылдам қабылдайды. 

Ата-аналар баласына үйренген бейәдеп сөздерінің мағынасын түсіндіру керек пе деген сауалды жиі қояды. Әлде бір айтады да қояды деген есеппен ештеңе естімегендей қала беру керек пе? Менің ойымша, балаға түсіндіру керек. Біріншіден, баланың бейәдеп сөзді ұмытып қалары күмәнді. Тіпті, ол сөз біраз уақытқа сөздік қорынан жоғалғанымен, өзгелердің алдында айтып қалып, қолайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін. Екіншіден, ол жаман сөз екендігін, айтуға болмайтындығын қайдан біледі? Ал оны ата-анасынан емес, өзге адамдардан білсе ше? Онда бала бұл бейәдеп сөзді сіздер үшін қалыпты деп түсінеді. 

Отбасы, балалар категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aisulu
3 жылы бұрын пайда болды

Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?

Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.

3
Букирбаева Камила
3 жылы бұрын пайда болды

Көпбалалы ана мәртебесін қалай аламын?

0
Ләззат
5 жыл бұрын пайда болды

Ләззат есімінің мағанасы қандай?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Шахназ есімінің мағынасы қандай?

3
Саида
6 жыл бұрын пайда болды

Саида есімінің мағынасы қандай?

Саида есімінің мағынасы қандай?