Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Әкелік парыздан айыру үшін не істеу керек?

Сәлеметсіз бе, менің жубайым әкелік парыздан ажырау ушін келісім беріп отыр. Бірак алғаш арыз жазған адам 24000 көлемінде акша төлеу керек екен. Енді сот орындаушысы менің жумысым емес деп оның арызын қабылдамайтын және қайда бару керектігін айпайды екеен. Мен де 24000 толей алмаймын, және әкелік парыздан алып тастауымды талап етіп отыр. Жумыссызбын деп алиментте төлемейді. Сот орындаушыға жугіре беруге де уакытым жок. Енді сурарым қайда жолығу керек. Жолын тусіндіріп жіберіңізші өтініш
Талқылау
Пікір
Эль
27 Қыркүйек, 23

Адвокат устинен жазсаныз лицензиясынан айрылады солай истеп караныз

Сәуле
23 Қаңтар, 17

76-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру тәртібі 

4. Егер сот ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде ата-аналардың iс-әрекетiнен қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерін байқаса, ол мұны жеке қаулымен прокурордың назарына жеткiзуге мiндеттi.

5. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде сот бұл шешiмнiң үзінді көшiрмесiн баланың тууын мемлекеттiк тiркеу орыны бойынша тіркеуші органға және баланың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберуге мiндеттi.

Сәуле
23 Қаңтар, 17

76-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру тәртібі

1. Ата-ана құқықтарынан айыру сот тәртiбiмен жүргiзiледi.

Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер ата-аналардың бiреуiнiң немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың өтініштері, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.

2. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады.

3. Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстi қарау кезiнде сот ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардан алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешедi.

Сәуле
23 Қаңтар, 17

75-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру

1. Егер ата-аналар:

1) ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;

2) өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз себептермен бас тартса;

3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;

4) балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса;

5) спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады.

2. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айрылады.

Заңгерлік кеңес категориясындағы басқа сұрақтар
0
Эль
6 ай бұрын пайда болды

Әкеліктен бас тарту үшін не істеу керек? Қандай документ керек?

Сәлеметсіздерме? Мен 2019 да ажырасқанмын. Сол уақыттан бері қызын іздемеді. 4 жыл салып араға алимент 10мың тг төлеп жүрді , енді 6 айдан кетті алимент төлемеді. Бастапқы кезде маған ақша керек емес акеліктен бас тарт делінген, ол бас тартпай жүр. 4 жыл қызын іздемеді. Шымкент қаласында ажырастық, қазір Ақтау қаласында тұрамын. Сотқа арызды қайда барып жазып, әкеліктен және адвокат үстінен жазайын деп едім. Туу туралы куәлігінде әкесінің артында болғанын қаламаймын,өз атағымда болғанын қалаймын,соған көмектесіп айтып жіберсеңіздер қандай документ керегін

0
Акдидар Исакова
1 жыл бұрын пайда болды

2013 жылы күйеуім екеуміз Алматы қаласында қысымен контейнрда тұрып жұмыс істеп ақша жинап жер участкасын алдық. Бірақ жерді алар кезде күйеуім маған айтпай жерді енем атына алған. біз сол жерге өз күшімізбен үй көтердік. Әр қышын өзім тасып беріп тұрдым. Оған көршілерім куә. Енді күйеуім бұл үй шеш...

2013 жылы күйеуім екеуміз Алматы қаласында қысымен контейнрда тұрып жұмыс істеп ақша жинап жер участкасын алдық. Бірақ жерді алар кезде күйеуім маған айтпай жерді енем атына алған. біз сол жерге өз күшімізбен үй көтердік. Әр қышын өзім тасып беріп тұрдым. Оған көршілерім куә. Енді күйеуім бұл үй шешем атында деп 4 баламмен қуып шықты. Мен бұл үйді даулай аламынба. Менің 4 балама да үй тиесіліма. Өтініш жауап берсеңіз.

2
6 жыл бұрын пайда болды

Зейнеттегілер қанша жыл істеулері керек?