Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ана туралы шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
20 Қыркүйек, 17

керемет шығарма екен рахмет

Таңсұлу
15 Қыркүйек, 17

Менің анам – жер бетіндегі ең аяулы жан. Мен оны шексіз жақсы көремін. Оны белгілі бірнәрсе үшін жақсы көремін деп айта алмаймын. Оған бар болғаны менің өмірімде бар болғаны үшін алғыс айтамын. Мен оны мақтан тұтамын. Одан асқан маған жақын жан жоқ. Оның есімі Гүли Әбдіраманова. Ол өте сұлу. Оның сылдырлаған күлкісі мен қоңыр көздерін жақсы көремін. Аялы алақанындағы жылуын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Менің анам өте мейірімді. Ол барлық адаммен тіл табыса алады. Қиын-қыстау кезеңде алақанымен аялап, қолдау көрсете біледі. Анам бауырымыз екеуімізді шыр етіп осы дүниеге келген сәттен бағып-қағып келеді. Анама маған осы күнге дейін жасағандарының барлығы үшін алғыс айтамын. Өзім де оған көмек қолын созып отыруға тырысамын. Әдетте үй ішін жинап, ауыр сөмкелерді көтерісуге көмектесемін.

Анам тамақты өте дәмді әзірлейді. Ол мені өміріме қажетті біліммен қаруландырып жатыр десем қателеспеймін. Мұнымен қатар, мен онымен бірге серуендегенді ұнатамын. Біз қонаққа, киноға, көрмелерге бірге барамыз. Таза ауада бірге тыныстаймыз. Анамның еш уақытта көз жасының төгілмегенін қалаймын. Оның көздері үнемі күн секілді жарқырап, жадырап жүргенін қалаймын. Мен ол кісіге бақыт пен денсаулық тілеймін. Барлық арман-мақсаты орындалсын. Бізге ғана емес, аналарға да жылы алақан мен қамқорлық қажет екенін ұмытпайықшы. Қымбатты анам, мен сізді қатты жақсы көремін. Сабақтан жақсы баға алып сізді күн сайын қуантуға тырысатын боламын.

Анашым, менің өмірімде бар болғаныңыз үшін рахмет!  Анашымның төзімділігі мен кешірімділігіне қарап қайран қаламын. Мен ол кісіні осы күнге дейін сан рет ренжіткен болатынмын. Бірақ, қиналған сәтте алдына жылап баруды тоқтатқан емеспін. Кішкене болғанымда ол кісі неге сонша қатал екен деп ойлайтын едім. Өсе келе мұның қаталдық емес, маған жақсылық тілегені екенін түсіндім. “Кейін өзің ана болғанда түсінесің” деп айтатын еді. Ол кісінің нені меңзегенін бірте-бірте сезіне бастағандаймын. Жаратушы ием, менің анам мен әкеме ұзақ әрі бақытты ғұмыр беруіңізді сұраймын! Баласын өзі жетектеп жүрген жалғызбасты аналар бар. Мұндай тағдырдан сақтандырған әкеме де алғыс айтқым келеді!

 

Назира
24 Қаңтар, 17

Ана - әлемдегі ардақты да аяулы жан. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестесінен барын да, нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі орны ерекше.

Гүлдің жайқалып өсуі үшін су мен ауа қаншалықты қажет болса, баланың дұрыс жетілуі үшін ата-ананың қажеттігі одан да басым.

Бізге жарық дүние сыйлаған анаға не сыйласа да аздық етеді. Меккеге жеті рет арқалап апарғанның өзінде қарызын өтей алмассың. Себебі ана сияқты бақытыңды ойлап, табаныңа кірген тікенді маңдайына кіргенін қалайтын адам жоқ. Шын бақытыңды ойлап, жанын құрбан етуге даяр жалғыз адам ол - ана. Асыл дінімізде де Пайғамбарымыз (с.а.с.) "Кімді сыйлау керек?" - деген сұраққа үш мәрте де "Ананы" деп жауап берген. Сондықтан дұрыс адам болып, "Адам болса екен" деген үмітін ақтап, салиқалы ғұмыр кешіп, оны өмір бойы алақанға салып аялап, сыйлау ең үлкен сый болар. Жұмақ - ананың табанының астында. Оның разылығын алмай, жақсы өмір кештім деудің өзі бекершілік болар.

Эссе мен шығармалар жиынтығы категориясындағы басқа сұрақтар
0
Batyrkhan_kausar
2 жылы бұрын пайда болды

"Ұшқан ұя" (Бауыржан Момышұлы) қысқаша мазмұны бар ма?

0
Назерке
2 жылы бұрын пайда болды

Басқаға ұқсау оңай ма? тақырыбында эссе

0
Araika
3 жылы бұрын пайда болды

Отбасы туралы эссе барма??

0
Ера
3 жылы бұрын пайда болды

«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.

 «Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.

Бағалау критерийі:

Эссе жазады

Эссе құрылымын сақтайды

 

3 аргумент келтіреді

 

Дәлелдері жеткілікті

 

Тақырыпты аша алады

 

Өзіндік көзқарасы, пікірі бар

Орфографиялық норма

 Сауатты жазады

2
Алмас
5 жыл бұрын пайда болды

Саяхаттау дегеніміз не тақырыбына эссе керек еді

Маған саяхат дегеніміз не деген тақырыбқа шығарма керек еді?