Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Наурыз мейрамына арналған сценарий бар ма?

Талқылау
Пікір
Қуаныш
24 Қаңтар, 17

Бірінші кезекте бүлдіршіндерді қырағылыққа үйрететін ойын ойналады. Ол үшін балалар кезектесіп допты шеңберге немесе алдын ала дайындалған нысанаға лақтырады.

Ал балаларға қазақ дәстүрлерін үйрету үшін, зейінділіктерін дамытуға арналған ойын түрін қолданамыз. Ойын барысында балалар айтылған пікірлерге келісетін болса қол шапалақтап, келіспейтіндіктерін жер тепкілеп білдіреді. Мысалы, жүргізуші: «Хачапури - қазақтың ұлттық тағамы»,- десе, балалар жер тепкілеу керек.

Мереке бүлдіршіндерге Наурыз мейрамына тән дәстүрлі тағам түрлерін үлестірумен аяқталады. 

Қуаныш
24 Қаңтар, 17

Әрі қарай Наурыз мейрамының келуінің жай-жапсарын ұғындыратын көрініс қойылады. Көріністе қыз бала мен ұл баланың қатысуы арқылы қыс пен көктем мезгілінің арасындағы күрес көрсетіледі.

Әрине, жыл мезгілдерінің жаманы жоқ. Бірақ қыс мезгілінде жұт болып, халық ашаршылыққа ұшырағандықтан, бұл мезгіл көшпенді халықтар үшін жау іспеттес болған. Осы себепті де, көшпенді халықтардың жақсы өмір сүруі үшін мамыражай көктемді жеңгіземіз.

Көктем жеңгенде қуанып, ән айтып, би билеуге болады. Ортаға әнші шығып, бүлдіршіндермен бірге Наурызды қарсы алуға арналған өлең айтады.

Мерекеде ойналатын ойындар қатарына балалар белсендік танытып қана қоймай, мейрамның мән-мағынасын ашуға бағытталған ойындар таңдап алынады.  

Қуаныш
24 Қаңтар, 17

Балабақшада Наурыз мейрамын атап өтуге арналған сценарий

Мереке жүргізушінің қуанышты күн, көктем күні, бейбітшілік пен береке күні Наурыз мейрамының келгенін жариялауынан басталады.

Бұдан кейін балалардың бірі Наурыз мейрамы міндетті түрде күлкі үні ғана сыңғырлайтын бақытқа толы күн екенінен хабар беріп, әр отбасына бақыт, шаттық, тыныштық тілейтін өлең жолдарын оқиды.

Әр бала мейрамның мағынасын түсініп, оған құрметпен және сүйіспеншілікпен қарау үшін әрқайсысы да мерекенің аталып өту барысынан қалыс қалмауы керектігін түсінуіміз керек. Балалардың бірін қалдырмай, барлығына өлең оқу, көрініске қатысу, өлең айту, би билеу сияқты шараларды бөліп беру керек.

Одан әрі қыз балалар шығыс биін билейді. Енді балаларға мейрамның тарихы мен мағынасын, бұл күннің тек мереке ғана емес екендігін, сонымен қатар туған жеріңе сүйіспеншілік танытып, ағаш отырғызып, бұлақ көзін ашып, үйіне де тазалық орнататын күн екенін түсіндіруіңізге болады. Осы арада құрамына 7 түрлі азықтық заттар қосылып жасалынатын дәстүрлі тағамымыз «Наурыз көже» жайлы, мейрам кешінде міндетті түрде ақындар айтысы, ән-жыр орын алатындығы туралы айта кеткеніңіз жөн.

Сценарий категориясындағы басқа сұрақтар
1
Серік
6 жыл бұрын пайда болды

Шілдехана тойына арналған сценарий бар ма?

1
Тимур
6 жыл бұрын пайда болды

"Бастауышпен қоштасу" кешінің сценарийі бар ма?

2
Дулат
7 жыл бұрын пайда болды

Күлкі күніне арналған сценарий бар ма?

4
Арайлым
7 жыл бұрын пайда болды

Балабақшадағы жаңа жылға арналған сценарий бар ма?

1
Ақжан
7 жыл бұрын пайда болды

7 мамыр мерекесіне арналған сценарий бар ма?