Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Балықтар жұлдыз белгісінің жалпы сипаттамасы бар ма?

Талқылау
Пікір
Динара
24 Қаңтар, 17

Балықтар белгісінің бойында көптеген қабілет тұнған. Олар жағдайдың соңын аңдай алатын ішкі түйсікке ие. Аталған жұлдыз белгісі өкілдері жиі түс көреді және олардың көбі өмірінде орындалады. Ал аяқ асты әлденеден сезіктенсе, ол да негізсіз емес. Балықтар тамаша мінез-құлыққа, әдептілікке ие. Оған қоса сәнге деген көзқарасы, талғамы да ерекше. Бойында жалқаулық бар, алайда көңілі кең әрі өзгенің пікірін ескермейді.  Ал шамына тисеңіз, ащы тілімен түйреп алуы да ғажап емес. 

Динара
24 Қаңтар, 17

Бұл жұлдыз белгілерінің қатарында ең соңғы орынды иемденген белгі. Әдетте Балықтар өзінен өзгенің барлығын түсінетін қабілетке ие. Ғұмырын өзін іздеуге сарп етіп, түрлі салада бағын сынап көреді. Балықтарға қандай да бір ойды телу - оңайдың ісі емес. Олардың әр дүниеге қатысты өзіндік мызғымас пікірі бар. Бұл жұлдыз белгісі өзін әлемге не әлдекімге қажет санайтын жайт сирек. Қонаққа шақырғаныңыз жөнінде ой салу үшін, ұсынысыңызды кемінде екі рет қайталау тиіссіз. Оларды жауапкершілікті талап ететін орындардағы қызметтен де сирек байқауға болады. Оның себебі - мінезі мен көңіл-күйіндегі тұрақтылықтың жоқтығы. Аңғал да мейірімді Балықтар шындыққа тік қарай бермейді. Сол себептен болар, ертеңгі күнін ойлап, алаңдамайды. Ауыр еңбекті ұнатпағандықтан, ұжымдық жұмысты құп көреді. Десе де өз болашағы, бақыты үшін күресуді де әбестік көреді. Сондықтан табысты Балықтар қатары санаулы. 

Жұлдызнама және жорамал категориясындағы басқа сұрақтар
1
Қалкен
7 жыл бұрын пайда болды

2017 жыл қандай жануар жылы?

1
Нұрдос
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтар жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Назира
7 жыл бұрын пайда болды

Суқұйғыш жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Ұлмекен
7 жыл бұрын пайда болды

Тауешкі жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Ермек
7 жыл бұрын пайда болды

Мерген жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?