0 интересует 0 не интересует
спросил 31 Янв от Айсана в категории Денсаулық

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Көптеген мамандар нәрестенің іші ауырған кезде қажет басты нәрсе төзім екендігін айтады. Бірақ іш түйілуі баланы қатты ауыртады. Іш түйілуінен толықтай арылуға болмағанымен, оны, ең болмағанда, аздап жеңілдетуге болады. Ол үшін мына әдістерді қолданып көріңіз:

1. Анасы баласына кеудесіне басса, нәресте өзін тыныш әрі қауіпсіз сезінеді. 

2. Баланы қолға алып, бөлмелерді аралау. 

3. Егер бала шомылғанды ұнатса, жылы суға жуындырыңыз. 

4. Анасы жұмсақ дауыспен айтқан әсем, әуезді ән баланы тыныштандыра алады. 

5. Іш түйілуі кезінде массаж да жақсы көмектеседі. Нәрестенің ішін ақырын сағат тілі бойынша сипаңыз. 

ответил 31 Янв от Арай
0 интересует 0 не интересует

6. Желдеткіш немесе шаңсорғыш сынды техникаларды қосуға болады. Ол баланың көңілін бөледі. Ал су сылдыры немесе жапырақтардың шытырлағаны сынды табиғат дыбыстары баланы тыныштандырады. 

7. Баланың ішіне жылы мата басу жақсы көмектеседі. 

8. "Велосипед" жаттығуы - баланың аяғын алма кезек ішіне қарай басыңыз. 

Қиындықтан арылу үшін, дұрыс емізе білу керек. Тәжірибеде байқалғандай, жасанды қоспамен тамақтандырылатын балаларға қарағанда, омырау еметін балалардың іші сирек ауырады. Сондықтан мүмкіндік болса, баланы емізген дұрыс. 

ответил 31 Янв от Арай