Әнші эстрада және камера әншісі ретінде де өнер көрсеткен. Оның орындауында қазақ халық әндері, орыс және шет ел туындылары болған. Румыня, Пәкістан, Франция, Үндістан, Қытай, Бельгия, Индонезия, Швейцария, Швеция, Финляндия, Куба мемлекеттеріне гастрольдік сапармен барған. 1988 жылдан бері Қазақстан Республикасы Музыка қайраткерлері одағының басқарма төрағасы болған. Соңғы рет Ермек Серкебаев 2006 жылы 21 қыркүйекте Мәскеудегі консерваторияның Үлкен залында 80 жас мерейтойына байланысты жеке концерт өткізген.
Ермек Серкебаев 2013 жылдың 16 қарашасында Алматы қаласында дүниеден өткен.