БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жалқаулық туралы шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Архат
11 Қазан, 17

Шығарманың екінші жартысы

Жалқаулық салдарынан біз алдымызға мақсат қймаймыз. Себебі, ол мақсаттарымызға жете алмай қалуымыз мүмкін деген қорқыныш бар. Немесе біз алдымызға мақсат қоямыз, бірақ оған қарай жүрмейміз. Осыдан кейін өзімізді ұрсып, барынша төмендете бастаймыз. Бір орында тұрып қалғандай күй кешеміз. Өзіміздің күшімізге деген сенімді жоғалтып алғандаймыз.

Бір орында тұрып қалғанымызды мойындау өте қиын. Сол себепті, өзімізді ақтап, алдымызда қандай кедергілер тұрғанын жіпке тізе бастаймыз. Басқаларды төмендетіп, өзіміздің тұлғалық қасиетімізді жоямыз. Жалқаулықпен міндетті түрде бірнәрсе жасау керек. Оны еркіне жіберіп қоюға болмайды. Олай болса, оны жоюдың қандай амал-тәсілдері бар екенін қарап көрейік.

Жалқаулық дегеніміз – қорқыныш. Оның негізі біздің балалық шағымызда жатыр. Үш жасқа дейін барлығын қолымызбен шұқып, тексере бастаймыз. Осы сәтте ата-аналарымыз диваннан тұруға ерініп, бізге айқайлап ұрыса бастайды. Кейде тіпті қолымыздан ұрып, боғауыз сөздер айтады. Осыдан кейін сәби бірнәрсе жасап көрсем, жамандыққа ұрынамын деп ойлайды.

Архат
11 Қазан, 17

Жалқаулық туралы шығарма (Шығарманы екі бөлікке бөліп жариялаймын)

Жалқаулықтың не екенін барлығымыз жақсы білетін сияқтымыз. Ол – ешнәрсе істемей, төсекте жатып алу; жоспарлаған істерімізді кейінге қалдыру. Мұнымен қатар, адамның жинақтала алмауы да жалқаулықты білдіреді. Бір қызығы, жұмысбастылық та жалқаулықтың бір түрі болып саналады. Бұл қалайша жалқаулық болуы мүмкін деп отырған шығарсыз?

Біз әдетте өмірімізді түбегейлі өзгертетін нәрсені жасамау үшін майда-шүйде жұмыстар жасап жүре береміз. Күні бойы шаң сүртіп, еден жуып, киім тігіп, дүкенге барып, ыдыс жуамыз. Яғни бұл жұмыстардың барлығы бізді жаңа деңгейге шығармайды.

Жалқаулықтың қандай кемші тұстары бар? Біз өмірде өзіміздің жолымызды таңдамаймыз. Бірақ, оны таңдау өте маңызды.  Егер біз тым жалқау болсақ, өмір бойы алға қойған мақсаттарымызға жете алмауымыз мүмкін. Жалқаулық барлық адамға тән. Бар мәселе осы жалқаулығымызға қаншалықты жиі өзімізді басқаруға рұқсат беретінімізде. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?