Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Менің сүйікті спортшым" шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Архат
11 Қазан, 17

Шығарманың жалғасы

Мұнымен қатар, қыздардың ішінде маған Сәбина Алтынбекова ерекше ұнайды. Оның мінезіне тәнтімін деп айта алмаймын. Десе де, сұлулығы мен дене сымбаты тамсандырмай қоймайды. Өзі жас болса да, тәжірибесі мол. Аз уақыт ішінде тез танылып, Қазақстанның атын әлемге әйгілі еткен болатын. Жалпы бұл екі спортшының басты жетістігі – Қазақстанды әлемге басқа қырынан танытулары.

Шыны керек, әлем бізді Бораттың киносы арқылы таныған кезде мен қатты ренжіген болатынмын. Көпке дейін іштей қынжылып жүрдім. Мен ғана емес, елін сүйетін әрбір патриот дәл осындай күйде болған шығар деп ойлаймын. Ал енді әлем бізді Головкиннің Отаны ретінде таниды. Мен үшін бұдан асқан бақыт пен бұдан асқан жетістік жоқ. Рахмет саған, Гена!

Архат
11 Қазан, 17

Менің сүйікті спортшым (Шығарманы екіге бөліп жариялаймын)

Кез келген адамның, әсіресе, кішкене балалардың үлгі тұтатын адамы болады. Ол сол адамға табынбаса да, мейілінше соның қылықтарын қайталап, соған тілекші болып жүреді. Сол секілді менің де сүйікті спортшым, кумирім бар. Ол – Генадий Головкин.

Бала күнімнен Головкинді ерекше ұнатамын. Ол – сабырлы, төзімді, мәдениетті әрі әрдайым ережеге сай жекпе-жек өткізеді. Әсіресе, күтпеген жерден нокаут жасайтыны ұнайды. Оның үстіне қазақ қызына үйленгеніне ерекше ризамын. Келіншегінің есімі – Алина. Бір ұлдары бар. Жуырда соңғы жекпе-жегінің алдында қызы дүниеге келді.

Головкин өте сымбатты жігіттердің бірі. Көптеген жарнамалық компаниялар оның осы сымбатын ескеріп жарнамаға түсуге шақырады. Бірақ, ер адамды сымбатты ететін сырт келбеті емес, күш-қуаты, ақылы, жауапкершілігі. Яғни бойына біткен мінезі. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?