Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Байлықтың көзі - еңбекте" шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Архат
10 Қазан, 17

Шығарманың жалғасы

Әлемдегі ең бай адамдардың тағдыры туралы видеоларды көріп отырып қатты қызығып кетемін. Олар да бір кездері қарапайым өмір сүрген. Мысалы, Опра Уинфриді алайықшы. Күтушілер отбасында дүниеге келген Опра әжесінің қолында тәрбиеленген. Әжесі оған үнемі “Сен де кейін біз секілді күтуші боласың. Үй тірлігін жақсылап үйрене бер” деп айтқан. Бірақ, төрт жасар Опра “Жоқ, мен кейін бай адам боламын” деп айтқан екен. Ол жастайынан көп қиындық көреді. Туысқандары оны 9 жасынан бастап 14 жасына дейін зорлайды. Ақыры Опраның аяғы ауыр болып қалады. Ал анасы оны үйден қуып жібереді. Кейін басқа қалада тұратын әкесіне баруға мәжбүр болады. Ал әкесі “Менің қыздарымның қай-қайсысы жүкті болып қалса, мен соны өлтіремін” деп айтады. Ал бұл кезде Опраның аяғы ауыр еді. Ол кір жуатын ұнтақты суға езіп ішеді, баспалдақтан құлап қалуға тырысады. Ақыры ауруханадан шығады. Осыдан кейін Опраның өмірі қатты өзгереді. Ол сұлулық байқауында жеңіп шығып, ең танымал диктор, журналиске айналады. Бүгінде Опра әлемдегі ең бай әйелдердің бірі. Осының барлығы оған өзінің еңбегінің арқасында келген. Сол себепті, мен де сіздерге жастайарыңыздан еңбектенуге кеңес беретін едім. 

Архат
10 Қазан, 17

Барлығы сыймайды екен. Бірнеше бөлікке бөліп жариялаймын.

Бала күнімнен үлкендердің ісіне араласып, жұмыс істеуіме тура келді. Сол кездері қатты қиналып, денсаулығыма зиян келіп, қатты өкінетін едім. Бірақ, өсе келе ерте жастан бастап еңбектенгенде тұрғанның ештеңесі жоқ екенін түсіндім. Бес жасымда көшеге шығып алып құрт сатып жүргенім есімде. Әке-шешем мені қатты уайымдап, үйден таба алмаған екен. Ал мен таңғы сағат бес болғанына қарамастан, көшеде құрт сатып жүргем.

Университет қабырғасында да тыным тапқан жоқпын. Сайтта журналист болдым. Ал сабақ арасында косметика сататын едім. Есесіне оқуды бітіргеннен кейін группаластарым жұмыс таба алмай қиналып жүрді. Ал менің дайын жұмысым болды. Барлығы маған қызыға қарайтын еді. Сол себепті, ерте жұмыс істегенде тұрған ешнәрсе жоқ.

Қазір асып-тасыған баймын деп айта алмаймын. Әлі көп еңбектенуім қажет. Бірақ, өзіме жетерлік. Себебі, студент кезімнің өзінде 170 мың теңге жалақы алатын едім. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?