0 интересует 0 не интересует
спросил 02 Фев от Жансая в категории Мерекелер

4 Ответы

0 интересует 0 не интересует

22 наурыз мерекесі құтты болсын! Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын! Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін!Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін! Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурызсаған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін! Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын! Бауырым , 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың! Досым, саған көктем күнінің шуағын тілеймін! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын! Жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін! Әділ жанды тағынан тайдырма, Әз халықты бағынан айырма. Басыма бас қос, Жасыма жас қос, Асыма ас қос! 

ответил 02 Фев от Олжас
0 интересует 0 не интересует

Күн мен түн теңеліп, көктем күшін асырған Ұлы күннің жеріме, күнім көктей жайнаған! Орманда құс сайрады жалындаған жастықтай жаса Наурыз мейрамы! 

Ақ тілек бейбітшілік аман болсын! 

Елім, жұртым қадірлі аман болсын! 

Туғандай бір анадан жамағаттар 

Достыққа берік, мықты адал болсын! 

Наурыз мейрамы құтты болсын! 

Ұлыс оң болсын! 

Ақ мол болсын! 

Қайда барсақ жол болсын! 

Ұлы халқым тоқ болсын! 

Қайғы уайымы жоқ болсын! 

Қуаныштары көп болсын!

 

ответил 02 Фев от Ақжан
0 интересует 0 не интересует

Шын жүректен Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Көктемгі күндер Сіздерге денсаулық, табыс, қуаныш, береке алып келсін!

Әрбір арайлап атқан таң шапағат нұрын сыйласын!

Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн – Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

ответил 02 Фев от Гүлзат
0 интересует 0 не интересует

Арайлап жеткен әз Наурыз мейрамымыз құтты болсын!

Ақ мол болсын, ақтарылған ақ тілектер оңғарылсын.

Сиыр жылы қазыналы, мерекелі, берекелі жыл болсын.

Орта толсын, қойын қуанышқа кенелсін, ынтымақ, бірлік ажырамасын.

Дендеріңізге саулық, өмірде асқаралы табыстар, иглік, бақыт тілеймін!

***

Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын.
Ақ мол, жыл ырысты болсын!

ответил 02 Фев от Бағлан