0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Фев от Саржан в категории Қазақ әдебиеті

3 Ответы

0 интересует 0 не интересует

"Қылау" әңгімесінің қысқаша мазмұны

Сатай тәтті ұйқы құшағында жатады. Енді таң ата бергенде әкесі оятып, Тастөбеге барып шананы алып келуін тапсырады. Ұйқысын қимаған Сатай әкесіне ренжіген күйі орнынан әрең тұрып, торы дөненге мініп, Тастөбеге жол тартады. Күн қақаған суық. Үстіне киген қалың қара тон Сатайға суықты сездірер емес. Ол жолда зираттарды көріп. өлім туралы, өмірдің тәттілігі туралы ойлайды. Өз ойынан өзі шошып, басқа дүниеге көңілін бөлмек болып келе жатқанда межелі жерге де жетеді. Тастөбеден шананы алып, жылдам кері қайтуға асығады. Жолда бүрсіп тұрған қызды көріп, жанына тоқтайды. Қыз Бірлік ауылына барады екен. Сатай жолайрыққа дейін ала кететінін айтады. Қыз келісіп, шанасына отырады. Жұқа пальто кигендіктен, қатты тоңып қалған екен. Сатай өз тонын шешіп береді. Жолда екеуі танысады. Қыздың есімі - Рабиға. Ол да Сатай сияқты 7-сыныпта оқиды. Екеуі мұғалімдерін, сабақтарын сөз қылып келе жатады. Кенет жолда қасқыр кезігеді. Сатай қорықса да, қыз алдында қорқынышын білдірмей, қасқырға аттандап, айқайлап қояды. Қасқыр алысқа барып шоқиып отырып, артта қалып қояды. 

ответил 02 Фев от Бота
0 интересует 0 не интересует

(Жалғасы) Әрі қарай әгімеге беріледі. Рабиға да келесі жылы ауданнан білім алатындықтан, екеуі бірге оқитын болады екен. Екеуі жолайрыққа жетеді. Сатай қызды қимағанымен, Рабиға қол бұлғап кете барады. Үйіне жол тартқан Сатай Рабиғаны ойлаумен болады. Кенет "Неге үйіне дейін апарып салмадым?" деген ой келеді. Дереу кері бұрылып, жолайрыққа беттейді. Жолайрыққа жетсе, Рабиға көрінбейді. Бірлікке жол тартқан Сатай Рабиғаны іздеумен келеді. Бір кезде ат үркіп, құлағын тікірейтеді. Жол шетінен маңғаздана бағанағы қасқыр өтіп барады екен. Тағы да анадай жерге барып шоқиып отырады. Сатайдың есі шығып, аттандай бастайды. Қасқырдан ұзаған ол жан даусын сала Рабиғаның атын атап, іздейді. "Қайда кетіп қалды екен? Қасқыр ..." деп ойлай беріп, ары қарайғысын ойлауға жүрегі дауаламайды. 

ответил 02 Фев от Бота
0 интересует 0 не интересует

(Жалғасы) Есі шыға Рабиғаны іздеп, атына қамшы баса береді. Біраз уақытта Бірлік ауылына да жетеді. Ең болмаса үйіне барып, келген-келмегенін білейін деген оймен жол сұрамақ болғанда "Сатай!" деген дауысты естиді. Артына бұрылса, Рабиға екен. Ол колхозшылардың шанасына отырып жеткен екен. Сатайдан мұнда не істеп жүргенін сұрайды. Екеуі тағы да әңгімелесіп, Рабиға Сатайға алгебра кітабын береді. Сатай үйіне аттанады. Жолда тағы да зираттардың жанынан өтіп бара жатып, бойын үрей билейді. Әкесі үйінің алдында күтіп тұр екен. Зекіп, неге кешіккенін сұрайды. Сатай қойнынан кітабын алып, кітап алуға барғанын айтады. Ары қарай әкесі айтқан сөздерге мән бермей, өз ойына беріледі. 

ответил 02 Фев от Бота