0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Фев от Парасат в категории Мерекелер

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

1 сәуір бүкіл әлем күлкі күнін тойлайды. Бұл мерекені кей елдерде "ақымақтар күні" деп атайды. Бұл ең көңілді мейрамдардың бірі. Ал бұл мейрамның қайдан пайда болғандығы жайлы түрлі пікірлер айтылғанымен, әлі күнге дейін нақты жауабы жоқ. 

Ең танымал нұсқасы бойынша, Күлкі күні Көне Римде пайда болған. Ол замандарда империя аумағында жыл сайын Ақымақтар күнін тойлаған. Күлкі құдайы Ризусті разы ету үшін, адамдар түрлі әзілдер ойлап тауып, бірін-бірі алдаған. Мұны көрген шет ел елшілері ештеңе түсіне алмай дал болған. 

"Біз Күлкі құрметіне жыл сайын атап өтетін ойындарда түрлі әзілдер болады. Біз Күлкі құдайын көңілді думанмен, әзіл-қалжыңдармен мейірлендіретін жалғыз халықпыз", - деген Рим жазушысы, "Метаморфозалар" авторы Апулей. 

ответил 02 Фев от Динара