Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
"Жалпы 3 миллион теңге қарыз алған": Алматыда 19 жастағы қыз бұрынғы ғашығына алданып қалғанын айтты
Бишімбаев әйелін ұрып, балаларға ұрысқан, ата-анасымен жанжалдасқан: Сотта экс-министрдің үйінде өзін қалай ұстағаны белгілі болды
Балалармен жұмыс істеп, тәжірибе жинауға мүмкіндік алдым – Ұрпақтар келісімшарты жобасына қатысқан жас маман
Этникалық екі қазақ UFC-ге жолдама беретін турнирде жұдырықтасады
Кімнің сәттілік серігі болып, өмірінде түбегейлі өзгерістер болады: Сәуір айына арналған жұлдыз жорамал
Бишімбаевтың соты: Салтанат Нүкенованың ағасы марқұмның соққыға жығылған кезіндегі суретін көрсетті
Директор хиджабты шешуін талап еткен: Франция үкіметі мұсылман оқушыны сотқа бермек
"Ірің толық тазаланбаған": Алматыда отадан кейін жағдайы нашарлаған бес баланың әкесінің туыстары дәрігерлерге шағымданды
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кетті (видео)
"Біліміңді халықпен бөлісу маңызды": Қазақ тілінде контент жүргізетін TikTok белсенділері патриотизм туралы түсініктерін айтты
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Құттықтау тілектер категориясындағы басқа сұрақтар
Наурызға арналған бата білесіздер ме?
1
4
5
3
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
48
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
249
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Әумин! – бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Жүгінелік ақылға,
Араздыққа жол беріп,
Отырмайық тақырға.
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Сырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін.
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Наурызбенен жаңарсын
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жарасып ән сәніміз!
Әумин!
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай.
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Құты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Кірісіміз көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей.
Аллаһу акпар!
Оразақын Асқар
Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кезеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз-нала.
Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер!
Дүрлеген Қазақстанға
Таңғалсын дос та, дұшпан да!
Мұзафар Әлімбаев
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!