Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
"Әйелсіз үйде ақ аю үсіп өледі": Белгілі этнограф қоғамдағы әйел беделін төмендетпеуге үндеді
Бұдан былай балгерлер, көріпкелдер мен емшілер мәжбүрлі жұмыстарға жіберіледі
"Тіпті айтуға қорқамын": Бас санитар дәрігер тасқынға байланысты қандай инфекция тарап кетуі мүмкін екенін айтты
Былтырмен салыстырған екі есе көп: Қазақстанға қытайлық автокөліктердің импорты артуда
AGROMASH зауыты қазақстандық фермерлерді қолдауға арналған арнайы бағдарламаны іске қосты
"Бала мүгедек болып қалды": Ақтөбелік әйел ауруханадан 10 миллион теңге өндіріп алды
"16-қабаттан секірмек болдым": Мөлдір Әуелбекова жүйкесінің сыр бергенін жасырмады
Роза Рымбаева "Қырғыз Республикасының халық әртісі" атағын алды
Бишімбаев соты арқылы халық назарын су тасқынынан басқа жаққа аударайын деп жатқан жоқ па – Бас санитар дәрігер жауап берді
Қырғызстанда адам ағзаларын шетелдіктерге заңсыз сатып келген топ ұсталды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Құттықтау тілектер категориясындағы басқа сұрақтар
Наурызға арналған бата білесіздер ме?
1
4
5
3
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Әумин! – бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
Келген Наурыз құт болсын!
Жүгінелік ақылға,
Араздыққа жол беріп,
Отырмайық тақырға.
Жермен бірге жаңарып,
Көңілде кір қалмасын!
Сырттағы жау жаланып,
Жағаға қол салмасын!
Есіктен кірген емініп,
Төр менікі демесін.
Еңістен келген тебініп,
Өр менікі демесін!
Наурызбенен жаңарсын
Тәніміз бен жанымыз
Жақсы негіз қалансын
Жарасып ән сәніміз!
Әумин!
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай.
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Құты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз.
Қатыгездік жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Кірісіміз көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей.
Аллаһу акпар!
Оразақын Асқар
Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кезеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз-нала.
Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер!
Дүрлеген Қазақстанға
Таңғалсын дос та, дұшпан да!
Мұзафар Әлімбаев
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барса да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!