0 интересует 0 не интересует
спросил 11 Март, 16 от Мақсат в категории Әртүрлі

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Әйел адамдар ұялшақтығы мен ұяңдығы себепті қоғамдық әжетханаларда өзін еркін ұстай алмайды. Олар аталмыш орында болатын табиғи қажеттіліктерден қымсынады. Оған қоса, тазалықты айрықша құп көретін нәзік жандылар қолын да ұзақ жуады. Бұл ретте айна алдында бет әлпеттерін ретке келтіруді де естен шығармайды. Опа жағып, көзіндегі не ерніндегі бояуды ретке келтіру, мұның бәрі айтарлықтау уақыт талап етеді.

ответил 14 Март, 16 от Гүлжан
0 интересует 0 не интересует

Әйелдердің табиғи қажеттілігін өтеуге қымсынатыны рас. Ер адам мен әйел адам аралас отырған орындарда әйел адамның дәретханаға сұрануына көпшілік негативті қараған. Ал басқа да себептермен сыртқа шығып келуді сұраған әйел адамдарға қатысты ондай негатив болмаған. Ал ер адамдар қайда сұранбаса да, дәл әйелдердікіндей көпшіліктің назарын тартпаған. 

Сонымен қатар әйел мен еркектің ағзасындағы ерекшелік те бұл жерде тыс қала алмайды. Ер адамға дәретханаға кіріп-шығу үшін 1,5-2 минут керек болса, әйел адамға 4 минуттай уақыт қажет екен. 

Оған қосымша әйелдердің сұлулығына ерекше мән беретіні бар. Шашын тарап, бетіндегі опа-далапты түзеу, өз сұлулығына сүйсіну, киімін ретке келтіру сынды әрекеттер - олардың мұндай орындарда ұзақ уақыт кідірулерінің басты себебі.

ответил 14 Март, 16 от Құндыз