Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Соғыс туралы қандай өлеңдер білесіз?

Талқылау
Пікір
18 Сәуір, 17
Мұқағали Мақатаев Соғыстың соңғы көктемі Жасылмен бояп қойған ба?! Жап-жасыл таудың бөктері Қырлар да, мынау ойлар да, Жап-жасыл болып көктеді. Соғыстың соңғы көктемі. Көп болды, жасыл тауларға, Жап-жасыл бұлттар шөккелі. Әкелді шуақ бар маңға, Соғыстьң соңғы көктемі. Соғыстың соңғы көктемі, Көп болды нұрын төккелі. Жап-жасыл анау аспан да, Аспан да, сірә, көктеді. Бойына таудың асылып, Шұғыла тұрды, көк меңі. Қызғанып, гүлін жасырып, Қылтанақтар да көктеді. Соғыстың соңғы көктемі. Жап-жасыл шыбық, тал-дағы, Орманның жасыл шекпені. Қуанта, бірақ, алмады, Сонау бір үйді шеттегі, Соғыстың соңғы көктемі... Қайран жеңгем Су сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем! Қарғаның валетіндей едірейіп, Қасыңа мына біреу қайдан келген? Апырай, суық еді сұрқы неден?! Адамға қарайды ғой сыртыменен. Жол көрсеткіш сақшының таяғындай, Қимылынды бағып тұр мұртыменен. Женеше-ау, есіңде ме біздін ағай? Сыйласып отырар ек біз құдадай. Қанды балақ соғысты қарғыс атсын, Қайран жеңгем, шырқынды бұзды қалай Күлкің қайда күмістей сыңғырлаған? Жүзің неге ымырттай түнжыраған? Бұғалыққа тұрмайтын асау едің, Сені әкеліп теліген кім мынаған? Өзің болсаң, тым ағат ойланғансың, Бақыт емес, басыңа қайғы алғансың, Жан едін ғой жанының талғамы бар, Қара мұртқа қалайша байланғансың?! Ел-жұртың қараушы еді мақтан етіп. Киіп ап аяғыңа салтама етік, Талайлардан кетуші ең аттап етіп, Талайларды жүруші ең таптап етіп... Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем! Қайғыға мойымаушы ең. Қайдан келген?! Сағынып жүрсің бе әлде, қадірлім-ай, Баяғы жастығыңды майданда өлген?..
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы