Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Бастауышпен қоштасу" кешінің сценарийі бар ма?

Талқылау
Пікір
18 Сәуір, 17
Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені). Мұғалім: Бүгін міне жақсы күн жарқыраған, Көңілдер қуаныштан сарқыраған. Қоштасатын күн келді бастауышпен, Қиындау болып тұр-ау бүгін маған. Кеше ғана алдыма келген еді, Именіп ұлы ұяға енген еді. 4 жыл бойы сусындап біліммен, Ұшатын қанат қағып келді кезі. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «А» сыныбының «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер. Бұл салтанат қуаныш баршамызға, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 4 «Ә» сыныбын ортамызға. (Оқушылар ортаға шығады) Мұғалім: Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым, Орындалсын арман тілек талаптарың. Ақ парақтай келдіңдер сәби болып, Ұғындым, әрбіріңді парақтадым. Өткіздік талай күнді, талай айды, Уақыт сырғып артқа қарамайды. 4 жыл бойы сендермен бірге болдым, Өткіздік талай қызық, талай жайды. Ірге тасын қаладым, білім бердім, Саналы ұл-қыздарым бүгін менің. Ортада тұрған осы шәкірттердің, Көрейік тамашалап өнерлерін. 1-оқушы: Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз. Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгін өскен ойымызға. Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар, Бастауышпен қоштасу тойымызға. 2-оқушы: Бала шаққа болашақты жырлатып, Шәкірттерге ой түзетін сымбатты. Күн нұрындай сәуле құйған көңілге Армысыздар ұстаздарым, қымбатты. 3-оқушы: Армысыздар, әжелер мен аналар, Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар. 4-оқушы: Армысыздар өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби – еркелер. 5-оқушы: Армысың сен, алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағым, Мектебіме арналады бұл әнім. Сынып әншілерінің орындауында «Мектебім» әнін қарсы алыңыздар.
Сценарий категориясындағы басқа сұрақтар
1
Серік
6 жыл бұрын пайда болды

Шілдехана тойына арналған сценарий бар ма?

2
Дулат
7 жыл бұрын пайда болды

Күлкі күніне арналған сценарий бар ма?

3
Қарлығаш
7 жыл бұрын пайда болды

Наурыз мейрамына арналған сценарий бар ма?

4
Арайлым
7 жыл бұрын пайда болды

Балабақшадағы жаңа жылға арналған сценарий бар ма?

1
Ақжан
7 жыл бұрын пайда болды

7 мамыр мерекесіне арналған сценарий бар ма?