Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Шашты қаншалықты жиі жуу керек?

Талқылау
Пікір
Алма
14 Наурыз, 16

Шашыңыңыз тез майланатын болса, шашыңызды жуғаннан 2-3 күннен кейін олардың қандай күйде болатынын өзіңізден артық ешкім білмейді. Тез майлануға бейім шашты жиі тарау май бездерінің қызметін арттырып, шаш жылдам майланады. Бұған қоса, құрамында көмірсу көп тағамдарды (қант, ұннан жасалған тағамдар, тәттілер, т.б.), майлы және құнарлылығы жоғары тағамдарды көп тұтынуыңыз да шашыңызды тез майландыратынын естен шығармаңыз.

Майлы шашты 2-3 күнде бір жуыңыз. Майлы шашқа арналған сусабынды қоданғаныңыз дұрыс. Ал шашты одан да жиірек жуатын адамдарға күнделікті жууға арналған жұмсақ сусабындарды қолданып, майлы шашқа арналға сусабынмен кезектесіп жуған жөн. 

Құрғақ шашты 8-10 күнде бір рет жуғаныңыз жеткілікті. Осы күндер ішінде шашты ылғалдандырып, күш беретін процедуралар жасап тұрыңыз. Себебі құрғақ шаш сынғыш әрі әлсіз келеді.

Майра
14 Наурыз, 16

Басты жуу жиілігі әр адамның өзіндік ерекшелігіне байланысты. Егер шашыңыз тез майланатын болса, шашыңызды жиі жуғаныңыз кір әрі майлы шашпен жүргеніңізден жақсы. Ал себепсіз жиі жуа беру басыңыздың терісін құрғатып, шашыңыздың денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.  

Сау шашты 4-5 күнде бір рет жуған жеткілікті. Бұл есепке жыл мезгілі, жұмыс істейтін орныңыздағы жағдай, шашыңызды жууға арналған құралдар алынып отырған жоқ. Олардағы ерекшелікке сай шашыңызды жиі жуу қажеттігі де болуы ықтимал. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?