Француз бұрымы
Француз бұрымы - сәнді және өте әдемі шаш өрімі. Оны ешкімнің көмегінсіз өру оңайға соқпайды. Дегенмен, үйреніп алуға да болады.
Француз бұрымын өру жолдары:
- Шашты артқа қарай тарап алыңыз.
- Маңдай тұсындағы шашты жинап, оны бірдей үш бөлікке бөліңіз.
- Екі жағынан да жіңішкелеп шаш тұтамын қосып отырып, кәдімгі үш өрімді шаш өрімін өріңіз.
- Мойын тұсына жеткенше өріп, әрі қарай үш бөлікті үш өрім етіп өріңіз. Осы жерден тоқтатып, буып қоюыңызға да болады.