Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Шашты қалай әдемі етіп өруге болады?

Талқылау
Пікір
Жанерке
11 Наурыз, 16

Француз бұрымы

Француз бұрымы - сәнді және өте әдемі шаш өрімі. Оны ешкімнің көмегінсіз өру оңайға соқпайды. Дегенмен, үйреніп алуға да болады.

Француз бұрымын өру жолдары:

  1. Шашты артқа қарай тарап алыңыз.
  2. Маңдай тұсындағы шашты жинап, оны бірдей үш бөлікке бөліңіз.
  3. Екі жағынан да жіңішкелеп шаш тұтамын қосып отырып, кәдімгі үш өрімді шаш өрімін өріңіз.
  4. Мойын тұсына жеткенше өріп, әрі қарай үш бөлікті үш өрім етіп өріңіз. Осы жерден тоқтатып, буып қоюыңызға да болады.
Айзере
11 Наурыз, 16

Бұрау тәріздес шаш өрімі

Бұрау - шаш өрудің ең оңай тәсілдерінің бірі. Оны өру тез әрі оңай. 

Шашты бұрау тәріздес етіп өрудің жолдары:

  1. Шашты тарап, биігірек етіп буамыз. Шашты нығыздап буу керек.
  2. Буылған шашты теңдей екі бөлікке бөлеміз. Әрқайсысын сағат тілі бойынша немесе қарсы бұраймыз. Бастысы екеуінің де бағыты бір болуы тиіс.
  3. Оларды бір-біріне айналдыра өреміз.
  4. Жіңішке резеңкемен ұшын бекітеміз.
Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
Асия Бердибаева
4 жылы бұрын пайда болды

Ақжелкенді үй жағдайында денсаулыққа, бет күтіміне пайдалану жолдары

0
Сұлу
7 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
7 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
7 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
7 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?