0 интересует 0 не интересует
спросил 16 Май от Сабира в категории Отбасы, балалар

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует
Гузель есімі мұсылман халқына тән. Ол сұлу, көркем деген мағынаны білдіреді. Ол Гюзел есімінің бір формасы. Оны Гюзель деп те айтуға болады. Бұл есімнің нөмірі – 2. Нумерология ғылымында мұндай адамдар үнемі уайымның жетегінде жүреді. Егер адам осы жағымсыз қасиетін тізгіндей алмаса, болашақта көптеген комплекстерге ие болуы мүмкін. Гузельдер өздері туралы ұмытып, өзгені ғана ойлап жүреді. Олар идея ұсыну және оны орындау сынды қасиеттерге ие. Ойына алғанын толықтай жүзеге асырмайынша тынбайды. Отбасының барлық мүшесі оны қатты жақсы көреді. Бұл есімге ие болған бойжеткен ерекше сұлу болады. Әдетте үйдің кенжелерін осылай атап, қалауынша еркелетеді. Өкінішке орай, бұл еркелетудің теріс салдары бар.

Гузельдер ересек өмірде сезімге тез беріліп, алып-ұшып тұрады. Есесіне қажет кезде салқынқандылық танытады. Күш-қуаты мол жан болғандықтан, өзін әртүрлі салада сынап көруіне болады. Ғылым, медицина және өнер саласында жақсы қызмет атқара алады. Ұжымның басын бір арнаға тоғыстыра алғанымен, басшылық қызмет атқара алмайды. Тағы бір кемшілігі – әлемде әділеттілік жоқ деп ойлайды.

Гузель күліп отырып жылата алады. Онымен кез келген тақырыпта әңгіме қозғауға болады. Сұлу болғандықтан, ер азаматтар оның еркелігін көтереді. Бұл бойжеткендер жыныстық қатынасқа тәуелді әрі жолдастарына адал келеді. Олар үшін баланың да маңызы зор. Әрдайым қарындары тоқ, киімдері бүтін жүреді. Туған анасына қарағанда, енесімен жақсы қарым-қатынаста.
ответил 16 Май от Лейла