Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тұтынушы дегеніміз кім?

Талқылау
Пікір
Арман
16 Мамыр, 17

Тұтынушы дегеніміз – өзінің жеке қажеттілігі мен жеке шаруашылығына пайдалану мақсатында тауар, өнім сатып алатын азамат немесе белгілі бір ұйым. Олардың заңға сәйкес, белгілі бір құқықтары болады. Осы құқықтары бірнеше тармаққа бөлінеді.

  1. Күнделікті азық-түлік, киім, баспана, денсаулық сақтау, білім алу сынды қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған жағдайға арналған құқығы;
  2. Адамның денсаулығына кері әсерін тигізетін тауарлардан тауарлардан, өндірістік процестер мен қызметтерден қорғануға арналған қауіпсіздік құқығы;
  3. Тұтынушы сатып алып отырған тауардың сапасы, мерзімі, сертификаты туралы ақпарат, ресми дәлелдер алуға;
  4. Монополиялы тауарға оның бағасының көңілге қонымды екеніне кепіл алуға, қаңты бір сомада сатылып отырған алуан түрлі тауарларды таңдауға құқығы;
  5. Өзінің мүдделерін ескеріп, үкіметтік қоғамдық ұйымдарға тұтыну құқығына қатысты ұсыныстар беруге, тыңдатуға.
  6. Өзіне сапасыз, қанағаттандырмаған қызмет көрсетілгенде шығынды өндіріп алуға құқылы.
  7. Әрбір тұтынушы тауарлардың сапасын ажыратуға мүмкіндік беретін білімдер мен ілімдер алуға деген тұтыну біліміне құқығы бар.

Тұтынушылар бір-бірінен жас жағынан, табыс деңгейі мен біліміне, көшіп-қону бейімділігі, ұнату қасиеттеріне байланысты ерекшеленеді. Нарық қызметкерлері осы топтардың сұранысына сай тауарлар шығаруға, қызмет көрсетуге тырысады. Нарық сегменті көлемді болған жағдайда, кей фирма бұл сегменте қызмет атқаратын бөлек маркетинг бағдарламасын дайындайды. Енді мысал келтіріп көрейік: Біздің елдің тұтынушыларының көбісі – мұсылмандар. Яғни олардың барлығы дерлік шошқа етін сатып алмайды. Мұсылман мерекелері кезінде қой еті жоғары сұранысқа ие болады. Сол себепті, кей фирма осындай тұтунышыларға арнайы маркетингтік бағдарлама әзірлейді. Кәмелетке толған жас тұтынушылар қатарына 18-24 жас аралығындағы азаматтар кіреді. Ержеткен жастардың нарығы студенттер, жас салтбасылар және жас жұбайлар деп аталатын үш топқа бөлінеді. Олар компьютер, ұялы телефон, камера, шаш кептіргіш, жеке гигиена заттары сынды керек-жарақтарды сатып алуға көп шығындалады. Жас тұтынушыларға тауардың маркасы мен сапасы өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, орташа есеппен бір адам телефонын үш жылда бір рет ауыстырады.

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?

1
Айбек
1 жыл бұрын пайда болды

Көп түйені қалай айтады?