Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Шілдехана тойына арналған сценарий бар ма?

Талқылау
Пікір
Асаба
16 Мамыр, 17
Ежелгі дәстүрімізге сай Шілдехана нәресте қырқынан шыққан соң өткізіледі. Яғни сәбидің буыны бекіп, сүйегі қатая бастаған шақта. Әдетте нәрестенің тойына ата-анасының туысқандары, құда-құдағилары, жекжат-жұраттары, достары шақырылады. Той қызықты өту үшін алдын ала сценарий ойластырылады. Тойдың басталуы мен аяқталуының мәні зор. Тойды асаба бастау шарт емес. Алғаш сөзді әулеттің үлкендері, той иелері иеленіп жатады. Артынша асабаны өздері халыққа таныстырады. Той басталмас бұрын адам іштей жақсы тілектер тілейді. Жаратқан иенің рұқсатымен бастайды. Осы ниетті барша қонақтар қолдап, тілектері бір арнаға тоғысады. «Бабадан асқан әз болмас, батадан асқан сөз болмас» демекші, дүниеге келген жас нәрестеге үлкен ақсақал бата беріп, тілек тілейді. Халықтың жас нәрестеге, сәбиге арналған ақ батасынан мысал келтірейік: Сәби келді өмірге, Сәби келді! Бір күй кернеп, шалқытты ән іргемді. Анасы аман босанды, қалжа жесін, Ат ұстайтын азамат бар үйде енді. Сәби келді шыр етіп, дүрліктіріп, Өзінің кім екенін тұрды ұқтырып. «Сүйінші» - деп Шапқылап бара жатыр, Інішегім тайына ырғып мініп. Той басталды толайым – Шілдехана, Бала бақыт, Мейлі ұл, қыз болса да, Ағайын айналаға ат шаптырып, Қуансын «Сүйінші» деп жүз босаға. Шілдехана қосады ой-тілекті, Бауы берік болсын, деп Тойшы кепті! Өмірге тағы да бір Қазақ туып, Сананы салтанатпен серпіп өтті. Шілдехана – ұлы той, жан ұшқыны, Желкілдеді ауылдың намыс туы. Жігіт болар ертең-ақ, Аман болсын, Көрінген таудың бар ма алыстығы!? Әумин Асаба: Қадірлі қонақтар! Бүгінгі тойдың иелері! Құрмадай алтын әжелер мен ардақты аталар. Топырақтай асыл ағалар мен жапырақтай жасыл жеңгелер. Уыздар тәтті қарындастар мен жаңғақтай қатты інілер. Бүгінгі тойдың себебі баршаңызға мәлім. Мынау заманда, егеменді елімізде өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің бауы берік болсын! тойларыңыз құтты болсын! ендеше халқымыздың ежелгі әдеті бойынша ауылдың алты ауызын айтып, той бастайық. Тойбастар жырын айтқан адамға дайындалған сыйымыз да осал емес. «Тойбастар» бірнеше кісі қосылып жалғастыруға болады. Тойбастар үлгісі: Ал, ағайын , туғандар, Мені де бір тыңдаңдар. Домбырасын қолға алып, Келіп отыр өренің. Арқасында елімнің, Шалқып жүрген сері едім. Құлақ түрген халыққа Ұнар болса өлеңім, Рұқсат алып сіздерден, Жолыменен көненің, Той бастасам деп едім. Өзекжарды жырымның Ағытайын көгенін, Өлең сөзге келгенде Желмаядай желемін. Ақын жігіт жұртынан Аямайды өнерін. Тебіренген теңіздей, Тербеп ойдың тереңін. Абай менен Жамбылдай, Сөз маржанын теремін. Жас сәбиге бақ тілеп, Тамашаға жиылған Келіп отыр елімді Қуанышқа бөлегім. Ақылменен ойласақ, Ұрпақ жайы қиын іс. Ойға салар адамның Сезімтал мен зерегін. Артыңда ұлың болмаса, Кімге болар керегің. Өзегіңе құрт түссе, Құлайды екен терегің. Перзентсіз өткен пенденің Біледі кімдер дерегін. Бір перзенттің жоғынан Қапа боп қайран көңілің, Бойыңа батпас жегенің. Осынау тойдың сондықтан Әркім-ақ ұғар себебін, Той иесі, алдымен Ұлды болған шаттығың Құтты болсын дер едім. Жаны жайсаң жігітті Туысымдай көремін. Тойға келген қонақтарға сөз белгілі бір ретпен беріліп отырады. Тойға көп адам келсе де, олардың барлығына бірдей сөз беріле бермейді. Оның үстіне бұл басқа қонақтарды жалықтырып жіберуі мүмкін. Бірақ тілек айта алмағандар алдын ала ұйымдастырылған тілек бұрышына барып, өздерінің тілектерін жазуларына болады. Ал сыйлықты әркім өз қалауына байланысты береді. Тілек арасында міндетті түрде ән шырқалып, би биленеді. Асаба болса, халқымыздың рухани қазынасындағы адам сезімін оятатын, ақыл, сана, түйсік көздерін ашатын небір асыл сөздерін айтып халықты тамсандырады. Әртүрлі әзіл-қалжың мен сықақ өлеңдерін оқып жұртты күлкіге қарық қылады. Бұлардың барлығы асабаның біліктілігі мен белсенділігіне байланысты. Буы бұрқырап ыстық тамақ келеді. Әдетте ет асылып, палау әзірленеді. Қымыз, шұбат, әртүрлі сусындар ішіледі.Үзіліс кезінде өткізілетін шаралардың да алдын ала ойластырылғаны жөн. Кімдер билеп, ән айтады, өнер адамдарынан кімдер шақырылады, қандай ұлттық ойындар ойналады, бәрі де тойға келген қонақтардың жасы, талғам ерекшелігіне орай шебер әрі ретті ұйымдастырылуы керек. Тойдың қалай бітетіні де маңызды. Қонақтар өз бетімен тарап кетпей, ақырында үлкен ата-әжелер нәрестеге батасын беруі тиіс. Мұнымен қатар, көпшілік өзімен бірге ала кететін Тойбастар бар.
Сценарий категориясындағы басқа сұрақтар
1
Тимур
6 жыл бұрын пайда болды

"Бастауышпен қоштасу" кешінің сценарийі бар ма?

2
Дулат
7 жыл бұрын пайда болды

Күлкі күніне арналған сценарий бар ма?

3
Қарлығаш
7 жыл бұрын пайда болды

Наурыз мейрамына арналған сценарий бар ма?

4
Арайлым
7 жыл бұрын пайда болды

Балабақшадағы жаңа жылға арналған сценарий бар ма?

1
Ақжан
7 жыл бұрын пайда болды

7 мамыр мерекесіне арналған сценарий бар ма?