0 интересует 0 не интересует
спросил 11 Март, 16 от Мансұр в категории Қазақ әдебиеті
категория изменена 11 Март, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

"Мақта қыз бен мысық" ертегісінде әр нәрсенің сұрауы бар екендігі айтылады. 

Ертегіде қатықты төгіп тастаған мысықтың құйрығын Мақта қыз кесіп алады. Құйрығын қайтаруды сұраған мысықтан қыз қатық алып келуді талап етеді. Қатық алу үшін мысық талай оқиғаны бастан кешеді. Алғашында мысық сиырдан қатық сұрайды. Сиыр оған жапырақ әкелсе ғана қатық беретінін айтады. Одан әрі ағашқа барып жапырақ сұраса, ағаш одан су сұрайды. Су әкеле жатқан қыздарға жолыққан мысық олардан су беруін сұрайды. Қыздар сағыз талап етеді. Сағыз алу үшін дүкендегі сатушыға барса, ол өтеміне жұмыртқа сұрайды. Артынан тауыққа барып, жұмыртқа сұраған мысыққа тауық дән әкелсеи ғана беретінін айтады. Шарасы таусылған мысық жолында тышқан ұшырасады. Мысық тышқанды бас салып, дән сұрайды. Қорыққан тышқан ініненбір уыс дән алып шығады. Сонымен мысық тауыққа дән, сатушыға жұмыртқа , қыздарға сағыз, ағашқа су, сиырға жапырақ беріп, діттегеніне жетіп, қатығын алады. Қатықты Мақта қызға апарып беріп, құйрығын қайтарады. 

ответил 11 Март, 16 от Марал