0 интересует 0 не интересует
спросил 11 Март, 16 от Сәуле в категории Денсаулық

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Шаштың ағара бастау уақыты адам геніне байланысты. Бірақ оның ерте ағара бастауына әсер ететін де жағдайлар бар. Мысалы, күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, кейбір ауру түрлері. 

Шаштың ерте ағара бастауының себебін анықтау үшін трихолог маманның кеңесіне жүгіну қажет. Сонымен қатар, қандағы және шаштағы дәрумендер мен микроэлементтердің мөлшерін анықтап, қалқанша безі гормондарын тексеру керек. 

Шаштың ерте ағаруын бәсеңдетуге басты уқалау, аппараттық процедуралар, түрлі маскалар жасау, мезотерапия көмектеседі. 

ответил 14 Март, 16 от Орынбасар
0 интересует 0 не интересует

Шаштың ерте ағаруының себептері:

  • Ең алдымен шаштың ерте ағаруы генетикаға байланысты. Егер ата-анаңыз отыз жасында шашының ағара бастағанын байқаса, сіздің де шашыңыздың ерте ағаруы мүмкін. Бұл тұқымқуалаушылықпен тығыз байланыста болғандықтан, ештеңені өзгерте алмайсыз.
  • Шаштың ерте ағаруына адамның жүйке жүйесінің бұзылуы, созылмалы қалжырау сеп болуы ықтимал. 
  • Дұрыс тамақтанбау - шаштың ерте ағаруының себептерінің бірі. Оған В1, В2, В6, В12 дәрумендерінің жетіспеушілігі, тұтынатын тағамдарыңыздың қатарында балық пен көкөністің орын алмауы ықпал етеді. Ішімдік пен кофені жиі ішу салдарынан меланин аз бөлінеді.
  • Түрлі аурулар себебінен де шаш ерте ағарады. Кей жағдайларда шаштың ерте ағаруы қалқанша безі қызметінің нашарлауына не шектен тыс жұмыс жасауына байланысты болады. Шаштың ерте ағаруы ми қан тамырларындағы қан айналымының бұзылуы, қаназдық салдарынан да болуы ықтимал.
ответил 14 Март, 16 от Жанна