0 интересует 0 не интересует
спросил 11 Март, 16 от Әділет в категории Денсаулық

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Күйзеліс тек эмоционалды тұрғыда ғана көрініс таба бермейді. Егер сіз жиі әрі қатты күйзеліске түсетін болсаңыз, есте сақтау қабілетіңіз бен зейініңіз төмендеп, тез шаршайсыз. Адамда тітіркенгіштік, ұйқы бұзылуы, енжарлық байқалып, кейде жабығуы да мүмкін. 

Күйзеліс салдарынан ұйқы бұзылуында айкезбелік, бастығып қалу, шатасу орын алуы ықтимал. Одан арылу үшін, денсаулықтағы ақауды тудырған себептерге байланысты әр түрлі болатын кешенді ем алу тиіс. 

Дәрі-дәрмектің көмегінсіз емделудің психолог немесе психотеропевт мамандардың бақылауымен жүргізілгені дұрыс. Емделуге күйзелістен арылып, көңіл-күйіңізді көтеріп, серпіліс беретін психологиялық нұсқаулар септігін тигізеді. Тұрақты түрде атқарылатын сауықтыру процедуралары оң нәтиже береді. Олардың қатарына таңертеңгілік физикалық жаттығулар, суда жүзу, таза ауада жиі серуендеу, терең тыныс алу, медитациялады қосуға болады. 

ответил 14 Март, 16 от Ақтөре
0 интересует 0 не интересует

Тезірек ұйқыға берілу үшін мына кеңестерді қолданып көріңіз:

  • ұйқыдан 4-6 сағат бұрын никотин, кофеин, ішімдіктен бас тартыңыз;
  • кешкісін ауыр тамақтардан бас тартып, тойып тамақ ішпеңіз;
  • ұйқтар алдында көп сұйықтық ішпеңіз;
  • кешкі уақытта жаныңызға да тәніңізге де күш түсірмеңіз;
  • жаныңызды тыныштандыратын процедуралар жасаңыз;
  • ұйықтау үшін қолайлы жағдай жасаңыз.
ответил 14 Март, 16 от Сағира