Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Егер біреуді жақсы көрсеңіз, сезіміңіз туралы міндетті түрде сол адамға айту керек пе?

Талқылау
Пікір
Архат
10 Қазан, 17

Мынау сізге оқуға кеңес берген мақаланың екінші жартысы:

Отбасылық өмірге қадам басу – бір-бірін меншіктеу, жағымсыз эмоцияларды ашық көрсету деген сөз емес. Көп жыл бір шаңырақ астында тұрып сыйластықты, жеке кеңістікті сақтап қалу қиын. Дегенмен, бұл өнерді қажырлы еңбектің арқасында игеруге болады. Қазақта “Әйел – шаңырақтың ұйытқысы”, “Әйел – отбасының берекесін сақтап қалушы” деп жиі айтады. Осы сөздерді ескеріп, ести отыра Жиренше шешеннің Қарашаш сұлуын еске алайықшы. Сырт келбеті туралы ешнәрсе айта алмаймын. Бірақ, даналығында шек жоқ, бас июге тұрарлық. Отбасылық өмірде, еріңізбен қарым-қатынас құруда даналық танытудың маңызы зор.

Дана әйел өзіне түбінде не керегін жақсы біледі. Құдды шахматшы секілді үш қадам алда жүреді. Мысалы, отбасылық өмірде еріңіз лайға былғанған аяқ киімімен үйге кіріп келді делік. Кез келген әйел, әсіресе үйдің тазалығы үшін жауапты әйел мұндайда қатты ашуланып, бірден айқайға басуы мүмкін. Ары қарай “Сен өмірі…” деп басталатын бірнеше жылдық реніші айтылады. Ер адамдар сырт көзге батыл болып көрінгендерімен, өздерін кінәлағанда қатты қорқып, бейсаналы деңгейде қорғана бастайды. Яғни жауап ретінде әйелінің жағымсыз қасиеттерін жіпке тізуі мүмкін. Екі тарап бір-біріне дауыс көтеріп, ауыр сөздер айтады.

Архат
10 Қазан, 17
Сәлеметсізбе! Шыны керек, осы сұрақ та мені көптен бері толғандырып жүрген еді. Меніңше, ер адам болсаңыз, өз сезіміңіз туралы міндетті түрде айту керек. Ал қыз баласына ашып айтқан жараспайды деп ойлаймын. Бірақ, бұл үнсіз қалу дегенді білдірмейді. Ыстық лебіз, жылы күлкі, сыпайылықтың өзінде үлкен махаббат жатыр деген ойдамын. Егер қыз баласы болсаңыз, төмендегі мақаланы оқып шығуға кеңес беретін едім. Оның көмегі мол. Әрбір әйелдің бұл өмірде бір ғана мақсат-міндеті бар. Ол – бақытты болу. Осы ерекше күйді жан-тәнімен сезіну. Жағымсыз эмоцияларды тұншықтырып “Мен бақыттымын” деп жар салу мен жанның тыныштығының арасында үлкен айырмашылық бар. Яғни осы тұста өзімізді алдамаған жөн. Ал қаншалықты бақытты екеніңізді тексеріп көрудің оңай жолы бар. Бақытты адамның көңіл-күйі жөнсіз құбылмайды. Яғни себепсіз ашуға бой алдырмайды. Себепсіз ешкіммен ренжіспейді. Керісінше жан-дүниесі мейірім мен махаббатқа толып, күш-қуаты тасып, игі істер жасауға құмар болады. Өзін ешкімге зияны жоқ қауырсындай сезінеді. Әр адамның бақытты түрліше түсінетіні анық. Көптеген әйел өз бақытын сәтті тұрмысқа шығып, дүниеге сәби әкелумен ғана байланыстырады. Мұның кемші тұстары да бар. Оларды алдағы уақытта талдайтын боламыз. Әзірге әйелдің ерімен жақсы қарым-қатынас құру жолдарын қарастырайық. Өзіңізге ұнаған ердің жүрегін жаулағыңыз келсе, оған ұнауға тырыспаңыз. Иә, дұрыс оқыдыңыз. Ер адамның жүрегін жаулаймын деп бәйек болып, бар уақытыңызды боянып, сәнденуге, одан қалды биік өкшелі туфли мен қысқа көйлек киюге, ақылды көріну үшін экономика, саясат және бизнес туралы кітаптар оқуға немесе оның туысқандарына жағымпаздануға жұмсамағаныңыз абзал. Әйтпесе, ол жігіт-қыз қарым-қатынасын құруға деген талпынысыңызды көріп шошып қалуы мүмкін. Интернеттен түрлі мақала, түрлі кітап арқылы жігіттердің қыз жүрегін жаулау, көңілін аулау, соңынан жүгіру деген секілді инстинктерінің бар екенін мен айтпасам да біліп отырған шығарсыздар. Яғни оларға ер адамдарға тән ерекше қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік беруіміз қажет. Бұдан кейін қыз-жігіт болып жүруден отбасылық өмірге өту кезеңі басталады. Іштей бейсаналы деңгейде қос ғашық отбасын құруға дайын болса, барлығы сәтті өтеді. Осы тұста ер адамды отбасын құруға итермелеудің қажеті жоқ. Және отырып қалудан қорқып тұрмысқа шығып кетуде де аздаған қателіктер бар. Отбасылық өмірде осы нәрселер кері әсерін тигізуі мүмкін. Өкінішке орай, көп жағдайда стереотиптерге тәуелділігіміз үстемдік жасайды. Дегенмен, қоғамның айтқанымен емес, жан-дүниеміздің қаалуымен өмір сүріп үйренуімізге болады.
Махаббат категориясындағы басқа сұрақтар
1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Альфонс деген кім?

1
172517
4 жылы бұрын пайда болды

Кызды калай коздыруга болады

1
Жазира Усманова
5 жыл бұрын пайда болды

Менің жолдасым менің көзіме шөп салып жүр. Мен не істесем болады?

1
Айсамал
6 жыл бұрын пайда болды

Айсамал есімі қандай мағына береді