БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қазақ тілі туралы шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Архат
10 Қазан, 17

Өзім уәде еткендей шығарманың жалғасы

Ана тілін, оның ішінде қазақ тілін қорлаған адам, меніңше, сый-құрметке лайық емес. Бірінші кезекте, таяқтың бір ұшы мына бізге тиеді. Шынайы сөздеріміздің арқасында достық қарым-қатынас құрастырып, сүйген жанымызға жүрегімізді ашамыз. Жер бетіндегі ешбір тілді қазақ тілімен қатар қоя алмайтын едім. Себебі, қазақ тілінің байлығына ешбір тіл сай келмейді. Мысалы, қарапайым “бет” сөзінің қазақ тілінде 17 баламасы бар. Біздің тілімізді шетелдіктердің оңай меңгере алмауының құпиясы да осында. Себебі, оны жетік білмейтін қазақтар көп.

Түркі тілдер, оның ішінде Батыс Ғұн бұтағынан тараған қазақ тілінің өзгелерінен айырмашылығы анықтығында болмақ. Өзбек, қырғыз, түрік тілдері майда келсе, қазақ тілі анық, ашық. Ол бізге осы қалпында келе салған жоқ. Ғасырлар бойы көптеген өзгерістерге түсті. Сол себепті, дәл қазір оны шұбарламай, сақтап қалудың маңызы зор болмақ.

Архат
10 Қазан, 17

Сәлеметсіз! Екеуіміз аттас екенбіз) Шығарма толық сыймайды екен. Сол себепті, бірнеше бөлікке бөліп жариялаймын. 

Ана тілі… Ол біз өмір сүріп отырған қара топырақтың қасиетін қатар сіңірген, хош иісті, әуезді, сыңғырлаған үнге толы тіл. Халық арасында ана тілінен артық алтын болуы мүмкін емес. Себебі, тіл дегеніміз – халық тарихы, оның жады, жаны. Халықтың тыныс-тіршілігі, күш-қуаты осы тіл арқылы жүзеге асып отырады. Шырылдап түскен сәттен бастап ана тіліміз әлемге сенімді қадам басуымызға көмектеседі. Тіл қарым-қатынастың, ойды жеткізудің негізгі құралы болғандықтан, халық онсыз өмір сүре алмайды.

Сөздің адам өміріндегі маңызы зор. Оның құдіреттілігі соншалық, бір сәтте адам тағдырына өзгеріс енгізіп, оны бақытты ете алады. Қажет болса, бар жақсылығынан айырылып, жылата да алады. Кейде адамдар сөздік қорға еш сөздікте жоқ сөздер қосып жатады.
 

Ұстаздарға категориясындағы басқа сұрақтар
0
Дариха
2 айы бұрын пайда болды

“Қана” ма әлде “ғана” ма?

Бала емес ересектеу екенбіз,

Дайын аспен, уйімізге бөтенбіз,

Бауыр менен ата-ананы сағынсақ,

Барып қайтар қонақ ғана

екенбіз.- осы өлеңде қонақ - "ғана" дұрыс жазылған ба? немесе дұрыс -" қана" - сөзі жазылу қажет пе?

0
Marzhan
3 жылы бұрын пайда болды

«Тәрбие» сөзіне көптік жалғау жалғана ма?

2
Кәрмен
6 жыл бұрын пайда болды

Рухани жаңғыру тақырыбында сабақ жоспары бар ма?

2
3
Қарашаш
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа мамандықтар туралы сабақ жоспары бар ма?