Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Қостанай облысына су тасқынынан кейін интернетті қалпына келтіру үшін Starlink терминалдары жеткізілді
Әбиба Абужақынова Түркиядағы турнирді жарқын жеңіспен бастады
"Үш жүз ұғымы мені қызықтырды": Алматыда тұратын кореялық азамат қазақтарға қалай бауыр басып қалғанын айтып берді
"Мен оны сүйемін. - Ол сені өлтіріп қоюы мүмкін": Салтанат Нүкенова мен ағасының арасында болған хат алмасудың мәтіні жарияланды (видео)
Енді шетелден алдыратын онлайн тапсырыстарға баж салығы салынбақ
"100 миллион теңгеге қалай алданғандарын білмей қалады": OLX пен Kaspi.kz арқылы алаяқтардың арбауына түскендер өз тәжірибесін бөлісті
"Не үшін ақша төлеп отырмыз? Шұрық-тесік үшін бе?": Жүк тасымалдаушылар Жамбыл облысындағы ақылы жолдың сапасына наразы
Салтанат Нүкенованың ағасы қайғылы оқиға болған түн туралы айтып берді (видео)
Абужақынова мен Серікбаевтың Түркиядағы турнирдегі алғашқы қарсыластары анықталды
Қазақстанда әйел қызының мешіттегі қылығы үшін сотқа тартылған
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
Жақсы адам болу үшін қандай қасиеттерді дамытар едің? Шығарма құрап бересіздер ме?
2
1
2
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
48
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
249
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Шығарманың жалғасы
Өзім жақсылық пен жамандық арасында таңдау жасайтын кезде, өмірдің тым қысқа әрі барлығының уақытша нәрсе екенін есіме түсіремін. Себебі, әр нәрсенің сұрауы бар. Бүгін біреуді қуантсаңыз, ертең сізді біреу ерекше құрметпен сыйлап, төріне шығарады. Біреуді жылатсаңыз, ертең күтпеген жерден төсек тартып жатып қалуыңыз мүмкін. Сол себепті, әрдайым адамгершілік сынды қасиетті жоғары ұстаған дұрыс. Тіпті, біреуге жасаған жақсылығыңыз бен жамандығыңыз бүгін қайтпаса, ертең соның барлығы балаларыңызға қайтады.
Дәл қазір біреуге жамандық жасаған сәтіңізді есіңізге түсіріңізші. Сол нәрсе өзіңізге қайтып келген кезде қатты қиналдыңыз емес пе? Бір кездері мен де осылай жасап едім ғой деп сан соғып қалған кезіңіз болды ғой. Енді біреуге жақсылық жасап, оны қуантқан сәтіңізді еске алыңыз. Осыдан кейін бір қуаныштың артынан мың қуаныш ерді емес пе? Олай болса, таңдау еркі өзіңізде. Қысқа ғана ғұмырда хайуандардың қатарына қосылғыңыз келе ме? Әлде адам деген адал атқа лайық болып өткіңіз келе ме? Яғни мен жақсы адам болу үшін ең алдымен адамгершілік деген қасиетті дамытар едім.
Сұрағыңыз үшін көп рахмет! Білмегеніңізді іздеуге көмектесуге дайынбыз!) Жалғасы бар
Қазақта “Адам болып келген соң, адам болып кету қиын” деген жақсы сөз бар. Мен үшін қасиеттердің ең жақсысы – адамгершілік. Себебі, жақсы қасиеттердің жиынтығы – адамгершілік деп аталады.
Африкалықтардың “Жейдесіз адамның жейде сыйлағанынан, өзін сүймейтін адамның сені сүйемін деп айтқанынан қорық” деген жақсы мәтелі бар. Расымен де, біреуді сүйіп, біреуге жақсылық жасамас бұрын өзімізді сыйлап, өзімізге жанашырлық, адамгершілік сынды қасиеттерді үйрете білуіміз керек.
Адамгершілік дегеніміз не? Ол – қиналған жанға жанашырлық таныту, жылаған адамды жұбату, біреудің ала жібін аттап өтпеу, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, табиғатты аялау, сүю, махаббатқа берік болу, сүйгеніңе адал болу, шынайылыққа ұмтылу, әділеттілік таныта білу және т.б.
Біз өмір сүріп жатқан ғасырда адамгершілікті сақтап қалу өте қиын. Себебі, бізді азғыратын ақша бар, алтын бар, атақ пен даңқ бар, желідегі мыңдаған лүпіл бар. Осының барлығы біздің шынайы бет-бейнемізді көрсетіп, адамгершілік танытуымызға кедергі жасайды.