Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Киім дүкендерінің киім өлшейтін бөлмесіндегі айналар сымбатыңды өз қалпында көрсетеді ме?

Талқылау
Пікір
Дәурен
14 Наурыз, 16

Бұл жерде айнаны қалай жасалатындығын және олардың қалай жұмыс жасайтындығын түсінуіміз маңызды. Әдетте, айнаны артына күмістің жұқа қабаты жалатылған кәдімгі шыныдан жасайды. Айнадағы көрініс шынының тегіс еместігінен бұрмаланып көрсетілуі мүмкін. Егер айнадан адам сымбаты келісті болып көрінсін десеңіз, ол С әрпі тәріздес болып, ортасы ішке қарай кіріңкіреп тұруы тиіс. Ал бұл қулықты  дұрыс түскен жарықтың көмегімен жасыруға болады. 

Гүлжаухар
14 Наурыз, 16

Дүкеннің басты мақсаты көптеп тауар өткізу болғандықтан, сатып алушылардың санасына әсер ететін түрлі психологиялық амалдарды қолданатыны анық. Кей дүкендердегі айналар, шынымен де, бойыңды ұзын, сымбатыңды келісті етіп көрсетеді. Ол туралы сізге ешбір дүкен кеңесшілері де айтпайды. Дүкенде ұнаған киіміңді өлшеп тұрып, айнадағы бұрмаланған көрініс арқылы ұнатқан киіміңіз сізді арық әрі сымбатты ете түскендей болып көрінуі мүмкін. Сол үшін де оны сатып алуға асығасыз. 

Әрине, кей кездерде айнадағы сымбатыңның көрінісіне айна ғана емес, киім өлшеу бөлмесіндегі жарықтың ықпалы бар. 

Балауса
14 Наурыз, 16

Дүкен иелері бойыңды ұзын, тәніңді арық етіп көрсететін айналарға арнайы түрде тапсырыс береді деп ойламаймын. Бірақ киім өлшеу бөлмесіндегі жарық үлкен рөл ойнайды. Жоғарыдан бағытталған өткір әрі қатты жарық көлеңке түсіріп, сымбатыңыз бен теріңіздегі кемшіліктерді айқын көрсетеді. Ал қабырғалары ашық түсті, жарық айна жақтан түсетін киім өлшеу бөлмелерінде сымбатыңның сұлулығы арта түседі. Себебі, көлеңке көп түспейді, бетіміздің терісі де балғын көрінеді. 

Ал егер дүкендердегі айна әлі де сенімсіздік танытатын болсаңыз, киімді сатып алып, үйіңізде өлшеп көруіңізге болады. Ұнамаған жағдайда кері өткізіп тастайсыз.

Өз басым, көбіне, құрбыларымнан немесе дүкендегі кеңес берушілерден өзімді суретке түсіруін өтінемін. Суреттен сырт көзге қалай көрінетініңді байқай аласың. 

Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
0
Сұлу
7 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
7 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
7 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
7 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?