Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Супермаркетке кіру үшін, сөмкеңді сақтау камерасына қалдырудан бас тартуға бола ма?

Талқылау
Пікір
Нұрым
14 Наурыз, 16

Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы"  Заңы мүлкіңізді уақытша сақтауға өткізбеуге құқыңыздың бар екенін растайды.

8-бап. Тұтынушылардың құқықтары: 
      1) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге; 
    2) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы, сондай-ақ оларды сатушылар     (дайындаушылар, орындаушылар) туралы толық, сенімді және уақтылы ақпаратты алуға; 
      3) қауіпсіз тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға; 
      4) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) еркін таңдауға; 

Рүстем
14 Наурыз, 16

Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, сатып алушы дүкенге кірү үшін өз мүлкін сақтау камерасына қалдыруға міндетті емес. Мүлкіңізді сақтау камерасына қалдыруға мәжбүрлеу өз еркімен келісу құқығын бұзады. Аталған жағдайда, шарт еркіндігі бұзылады. 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 380-бабы. Шарт еркіндігі.

    1. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi. 
      2. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?

1
Айбек
1 жыл бұрын пайда болды

Көп түйені қалай айтады?