0 интересует 0 не интересует
спросил 14 Март, 16 от Жазира в категории Сән және сұлулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Терінің созылуы - түрлі көлемдегі тыртық тәріздес терінің ақауы. Оның пайда болуының себептері - қысқа уақыт ішінде бірден толысу, гормондық үйлесімсіздік. Гормондық үйлесімсіздік салдарынан коллагенді және созылмалы талшықтардың өндіріл үдерісі бұзылып, тері беріктігі мен созылғыштығынан айырылады. 

Терінің созылуынан арылу үшін ең бастысы дер кезінде қолға алып, ем шараларын кейінге қалдырмаңыз. Тері созылуының бастапқы кезеңінде одан арылу оңайырақ. 

Терінің созылуынан арылу үшін мына шараларды қолданып көріңіз:

  • Созылған теріге құрамында третиноины бар иісмай не гель жағыңыз. Третиноин эпидермис жасушаларының қарқынды бөлініп, терідегі созылмалы талшықтардың көбеюіне себін тигізеді. Алайда, ол тері созылуының алғашқы кезеңінде ғана жақсы нәтиже береді.
  • Мезотерапия процедурасы тері созылуымен күресуге жақсы көмектеседі. Зақымдалған тері аумағына ине арқылы терінің қанмен қамтамасыз етілуі мен нәрленуін жақсартатып, теріні қалпына келтіретін заттар жіберіледі. 
  • Микродермабразия процедурасы - терінің мүйізді қабатын жоюға ықпал ететін терігежасалатын механикалық пилинг. 
  • Химиялық пилинг - қышқылдардың түрлі концентрациясы арқылы терінің зақымдалған бөлігін "күйдіретін" процедура. Аталған процедура барысында ауырсыну сезімі болғандықтан, наркоздың көмегімен жасалады. 
  • Теріні лазер көмегімен тегістеу - терінің беткі қабаты лазермен алып тасталынатын процедура. 
  • Пластикалық ота. Ол терінің созылғанына көп уақыт болса және терінің үлкен бөлігін алып жатса ғана жасалады. 
Аталған процедуралардың бағасы қымбат әрі ауырсыну сезімін тудырады. Бұған қоса, процедурадан кейін терінің қалпына келу үшін ұзақ уақыт керек.
ответил 14 Март, 16 от Қарақат