0 интересует 0 не интересует
спросил 15 Март, 16 от Кәусар в категории Қоғам және саясат

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Қазақстан Республикасында тұрғын үй алу кезегіне тұру үшін, үй алғыңыз келетін өңірде тұрақты тұру қажет. 

Коммуналды немесе мемлекеттік пәтерлер коммуналды тұрғын үй қорынан не жеке тұрғын үй қорынан төмендегі тұлғаларға беріледі:

  • мүгедектерге және Ұлты Отан соғысы ардагерлеріне;
  • күнкөріс табысы төмен отбасыларға (Мемлекет белгілеген орташа күнкөріс табысының мөлшерінен отбасының жиынтық табыс мөлшері 3,1 есе аз болса);
  • мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, ғарышкерлер мен ғарышкерлікке үмтікерлерге, мемлекеттік сайлау лауазымындағыларға;
  • ҚР заңнамасында белгіленген талаптарға сай жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұлғаларға.
ответил 15 Март, 16 от Парасат
редактировать 15 Март, 16 от Мейрамгуль
0 интересует 0 не интересует

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 69-бабына сай сіз төмендегі тұлғалардың қатарынан болсаңыз, тұрғын үйге мұқтаж болып табыласыз:

  • тұрғын үй алу үшін кезекке тұру кезеңінде және тұрғын үй берілу кезеңінде ҚР аумағында өз атыңызда тұрғын үйіңіз жоқ болса;
  • отбасыңыз тұрып жатқан үй бекітілген санитарлық және техниклық талаптарға сәйкес болмаса;
  • біріккен оқшауланбаған бөлмелерде екі не одан да көп отбасы тұрып жатқан болса;
  • отбасыңызда бір пәтерде (бөлмеде) тұруға мүмкін болмайтын кейбір созылмалы аурудың ауыр түрлерімен ауыратын адам болса.
ответил 15 Март, 16 от Нұрғиса
редактировать 15 Март, 16 от Мейрамгуль