БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жалдамалы тұрғын үй деген не?

Талқылау
Пікір
Орынғали
16 Наурыз, 16

"Самұрық-Қазына" АҚ ұсынатын жалдамалы пәтер - тұрғындардың түрлі әлеуметтік топтарына үй сатып алуға мүмкіндік беретін "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының аясында тұрғызылған тұрғын үйлер. Тұрғын үйге қол жеткізудің екі жолы ұсынылған. Бірі - тікелей сату (толық бағасы үшін), екіншісі - соңынан сатып алу мүмкіндігімен жалға алу. 

Соңынан сатып алу мүмкіндігі бар жалдамалы тұрғын үйдің ұтымдылығы мен тиімділігі сатып алуға ниет білдірген азаматтарға қатаң талап қойылмауында жатыр. Мемлекеттік бағдарламамен үй алу үшін белгілі бір топтан (мүгедектер мен ҰОС ардагерлері, күнкөріс табысы аз отбасы, баспанаға мұқтаждар, мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметкерлер) болуың керек болса, соңынан сатып алу мүмкіндігі бар жалдамалы тұрғын үйді алу үшін ай сайынғы пәтер ақысы мен тұрмыстық қызмет ақысын төлеуге жеткілікті қаражатың болса болғаны. Қысқаша айтқанда, жалдамалы пәтердің ай сайынғы төлемін төлеуге қаражаты жеткілікті әр адам аталмыш пәтерге ие бола алады. Сатып алушыға одан басқа қойылар талап жоқ. Алайда, тұрғын үй кезегіне қою және тұрғын үйді үлестіру кезеңінде, ең алдымен, баспанасы жоқ адамдар қарастырылады. "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында "Самұрық-Қазына" АҚ ұсынатын жалдамалы пәтер алуға бір ғана мүмкіндік беріледі. 

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aida
2 апта бұрын пайда болды

Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

Қайырлы күн!

 

Абай және Павлодар облысы филиалы ма  әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?

 

Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

 

Рахмет

 

2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?