Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді кімдер ала алады?

Талқылау
Пікір
Мадияр
16 Наурыз, 16

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы жалдамалы тұрғын үй алу үшін төмендегідей талаптар қойылады:

  • Үміткер ҚР азаматы немесе оралман болуы шарт;
  • Азаматтың және оның отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан аумағында өз үйі болмауы тиіс. Сонымен қатар, басқа бағдарламалар арқылы соңынан сатып алу мүмкіндігі бар жалдамалы үй алуға кезекте тұрмауы тиіс.
  • Астана және Алматы қалаларынан үй алу үшін бағдарламаға қатысушы аталмыш қалаларда кемінде 2 жыл тіркелген болуы шарт;
  • Төлем төлеуге қабілеттілігі расталуы тиіс.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы жалдамалы тұрғын үй алу үшін үміткер төменде көрсетілген топтан болуы керек:

  • көпбалалы отбасы;
  • толық емес отбасы;
  • мүгедек балалары бар не оларды тәрбиелеп отырған отбасы;
  • жетім балалар;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • оралмандар;
  • мемлекеттік қызметкерлер;
  • әскери қызметкерлер;
  • арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
  • бюджеттік ұйым жұмысшылары. 
Зейнеп
16 Наурыз, 16

"Самұрық-Қазына" АҚ ұсынатын жалдамалы тұрғын үйдің ұтымдылығы мен тиімділігі сатып алуға ниет білдірген азаматтарға қатаң талап қойылмауында жатыр. Мемлекеттік бағдарламамен үй алу үшін белгілі бір топтан (мүгедектер мен ҰОС ардагерлері, күнкөріс табысы аз отбасы, баспанаға мұқтаждар, мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметкерлер) болуың керек болса, соңынан сатып алу мүмкіндігі бар жалдамалы тұрғын үйді алу үшін ай сайынғы пәтер ақысы мен тұрмыстық қызмет ақысын төлеуге жеткілікті қаражатың болса болғаны. Қысқаша айтқанда, жалдамалы пәтердің ай сайынғы төлемін төлеуге қаражаты жеткілікті әр адам аталмыш пәтерге ие бола алады. Сатып алушыға одан басқа қойылар талап жоқ. Алайда, тұрғын үй кезегіне қою және тұрғын үйді үлестіру кезеңінде, ең алдымен, баспанасы жоқ адамдар қарастырылады. "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында "Самұрық-Қазына" АҚ ұсынатын жалдамалы пәтер алуға бір ғана мүмкіндік беріледі. 

Қоғам және саясат категориясындағы басқа сұрақтар
1
Нұрбек
1 жыл бұрын пайда болды

БҰҰ қай жылы құрылды?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Дефолт дегеніміз не?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Социофобия дегеніміз не?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Референдум дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Периферия деген не?