Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қоғамдық дәретханада унитазға отыруға болады ма?

Талқылау
Пікір
Гүлбану
15 Наурыз, 16

Қоғамдық дәретханаларда көпшілік қолданатын унитазға отыру гигиеналық талаптарға сай емес. Америкалық фильмдерде қоғамдық дәретханадағы унитазды құшақтап жылап, немесе дәретхананың еденіне отыра кететін көріністерге сенудің қажеті жоқ. Жалпы, дәретхананың өзі лас жер болғандықтан, көпшілік қолданатын унитаз түрлі ауруларды жұқтыруға сеп болады. Әдетте қоғамдық дәретханаларда күніне 2 рет қана тазалық жүргізіледі. Тіпті, сағат сайын тазалық жұмысы жүргізіледі десе де, ол унитазға ауыру жұқтырмайтындығыңызға толық сенімділікпен отыра аласыз дегенді аңғартпайды. Қоғамдық көліктердегі тұтқалардың өзін ұстағаннан кейін, қолыңыздың тазалығына күмәнмен қарап, қолыңызбен тамақ жемеуге тырысып, тезірек жууға асығатындығыңыз өтірік емес. Ал қоғамдық дәретханалардағы көпшілік пайдаланатын унитазға отыру туралы айтып та керек емес.

Ақмарал
15 Наурыз, 16

Өз басым қоғамдық дәретханаларда унитазға отырмауға тырысамын. Ол арқылы қаншама ауыру жұқтыру мүмкін. Көптеген сауда-ойын-сауық орталықтарындағы дәретханаларда арнайы бір қолдануға ғана арналған қағаз төсемелер қойып қояды. Тек қағаз төсемені унитазға төсеу арқылы ғана ауыру жұқтырудан қорықпай отыруыңызға болады. Бірақ мұндай жағдай көптеген қоғамдық дәретханаларды кездесе бермейді. Сондықтан, аталмыш қағаз төсемелерді супермаркеттерден сатып алып, өзіңізбен алып жүргеніңіз дұрыс. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, ең болмағанда унитаз жиегіне дәретхана қағазын төсеп қойыңыз. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?