0 интересует 0 не интересует
спросил 15 Март, 16 от Айдын в категории Қаржы кеңесшісі

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алу депозит ашу арқылы жүзеге асады. Жалдамалы тұрғын үй мәселесі де аталмыш шартқа тәуелді. Үміткер ең алдымен банкіден алдын-ала келісілген сомаға депозит ашып, нәтижесінде оны төлеуі тиіс. Одан кейін банк үміткердің төлем жүргізуге қабілеттілігін тексеріп, растайды. 

""ҚТҚЖБ" АҚ желісі бойынша тұрғын үй" бағыты бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы:

Жайлылығы жағынан 4-санатты баспана - Астана және Алматы қалаларында 120 000 теңгеге дейін. Атырау, Өскемен, Ақтау қалаларында 110 000 теңгеге дейін, Қазақстанның басқа өңірлерінде 90 000 теңгеге дейін.

Жайлылығы жағынан 3-санатты баспана -  Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңгеге дейін. Атырау, Өскемен, Ақтау қалаларында 110 000 теңгеге дейін, Қазақстанның басқа өңірлерінде 100 000 теңгеге дейін.

ответил 15 Март, 16 от Әлинұр
0 интересует 0 не интересует

Пәтерді сатып алу механизмі келесідегідей жүргізіледі. Бағдарламаға қатысушы 8 жыл бойына пәтерде тегін тұрып, тұрмыстық қызметті ғана төлеп тұрады. Осы уақыт ішінде ол ай сайын депозитке жарна төлеп тұрады. 

8 жыл өтіп, пәтер ақысының 50 пайызы жиналған уақытта, қарыз алу келісімін ресімдеу үшін банк бағдарламасын таңдау сәті туады. Қаржылық мүмкіндігін бағалай отырып, жалға алушы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынған келесі бағдарламалардың бірін таңдай алады:

"Кемел" - 8 жыл бойына жылдық пайыз 4%;

"Өркен" - 5 жыл бойына жылдық пайыз 4,5%;

"Болашақ" - 15 жылдан 20 жылға дейін жылдық пайыз 3,5%. 

Тұрғын үйге орналаардан бұрын айлық төлемнің 6 еселенген көлемін кепілдік жарна ретінде төлеу шарт. 

ответил 15 Март, 16 от Диана