0 интересует 0 не интересует
спросил 15 Март, 16 от Мирас в категории Автожаңалықтар

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Мінілген көлік сатып алмау керектігінің 5 себебі:

  1. Техникалық жетілгендік. 5 жыл бұрын шығарылған смартфонды алудың еш қажеті жоқ екені ешкім үшін де құпия емес. Техника уақыт өткен сайын дами түседі. Әрине, көліктегі жетілулер смартфондағыдай жылдам қарқында жүрмейді. Десе де, бұрынырақ шығарылған көлік пен жаңа көліктің техникалық дамуының арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Оған қоса ескі көліктерде қазіргі көліктердегі  айнала видеошолу жүйесі, кілтсіз қолжетімділік жүйесі, жобалаушы құралдар панелі, заманауи мультимедиялық жүйе сынды жаңа құрылғылар жоқ. 
  2. Жаңа көліктің әрленімі де жаңа. Ескі көліктердің әрленімі әр уақыт жаңа көліктердің әрленімінен артығырақ болып келеді дей алмаймыз. Кез-келген дизайнер маманның соңғы еңбегін алдындағысынан барынша артығырақ етуге тырысатыны анық. Бұрындары көзімізге айрықша болып көрінетін көліктердің бүгінгі күн қарабайыр көріну себебі де осында. Егер әрленімнің ерекшелігі мен заманауилығын қаласаңыз, жаңа көлік алғаныңыз жөн.
  3. Баламасыз нұсқа. Қайталама базарында көліктің кез-келген түрін көре аласыз. Бірақ олардың барлығының баламасы бар. Бүгінгі күн шығып жатқан көліктерге бұрынғы көлік балама нұсқа бола алады дей алмаймыз. Мысалы, 2015 жылы ғана шыққан компактвэн BMW, заманауи Lada седан сынды көліктердің оған дейін баламалары болған емес. Өндірістен әлдеқашан алынып тасталған Jaguar X-Type жаңа XE көлігіне нағыз балама нұсқа бола алады дей алмайсыз ғой?
  4. Қайтарып беру және кепілдеме. Сапасыз тауарды қайтарып беру - тұтынушының құқығы. Ал мәселе көлік сынды қымбат тауарға келгенде, бұл мәселе міндетті түрде ескерілуі тиіс. Өкінішке орай, қайталама базардан көлік сатып алсаңыз, сізден сапасы нашар көлікті қайтарып алу түгілі, ешкім оның қызметіне кепілдік бермейді. Сатып алмастан бұрын көлікті қандай диагностикадан өткізбесеңіз де, ертесі күні көліктің күтпеген тосын сый сыйлауы ғажап емес. Мұндай жағдайлар жаңа көлік сатып алғанда да орын алу мүмкін. Алайда "Тұтынушының құқығын қорғау туралы" заңға сәйкес, сатып алушы болмашы ақауы не сынық үшін көлікті 15 күннің ішінде қайта өткізу құқығына ие. 
  5. Қаржы құралдары. Ең тиімді несиелік ұсыныстар тек жаңа көліктерге ғана беріледі. 
ответил 15 Март, 16 от Қанағат